Баяндин Нұғман Ыбырайұлы

1912 жылы 12 қаңтарда Павлодар уезінің (қазіргі Баянауыл ауданы) бұрынғы Ақкелін болысының Беріктас ауылында дүниеге келген

Ғылыми дәрежесі: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Білімі: Орта Азия мемлекеттік университеті

1941 жылдан ҚазКСР ҒА топырақ институтында жұмыс істеді, онда топырақты зерттеумен айналысты.

1950-72 жылдары – Қазақ ауылшаруашылық университетінің топырақ географиясы кафедрасының доценті; Қазақ қыздар педагогикалық институты; Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты; Семей және Шығыс Қазақстан педагогикалық институттарының оқытушысы.

Ғалым Ертіс өзеніне бірқатар ғылыми экспедициялар жасады, Жоғарғы Ертіс топырақ жасағын басқарды, Зайсан көлінен Семейге дейінгі өзен аңғарының топырақ жамылғысын зерттеді, Сырдарияның төменгі бөлігінің, Алтай ауданының топырағын зерттеді.

Н.Ы.Баяндиннің басшылығымен жүргізілген ғылыми экспедициялар Қазақстанның осы өңірлерінің егжей-тегжейлі топырақ карталарын жасауға көмектесті. Ол Қазақстанның топырақтануы бойынша көптеген ғылыми жұмыстардың, соның ішінде Ертіс өзені аңғарының топырақтану жөніндегі жұмыстардың авторы. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған бірқатар кітаптардың «Школьникам о географических открытиях», «Практикум по основам геологии» және т.б. авторы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Баяндин Н. Школьникам о географических открытиях. – Алматы, 1970.
2. Баяндин Н. Освоение пойменных земель. – Алма-Ата, Кайнар. – 1973.
3. Баяндин Н. Почвы и растения речных долин Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1978. – 72 с.

* * *

1. Баяндин Нугман Ибраевич // Знатные земляки / Обл. управление культуры, Павлодар, обл. историко-краевед. музей им. Г.Н. Потанина. – Павлодар, 1971. – С. 50.
2. Баяндин Нугман Ибраевич // Ученые Павлодарской области / ПГУ им. С. Торайгырова. – Павлодар, 2002. – С. 47-48.
3. Баяндин Нугман Ибраевич // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия / Акимат Павлодарской области; ПГУ им. С. Торайгырова. – Алматы, 2003. – С. 174.

* * *

1. Соколкин Э.Д. Почвовед – географ Прииртышья // Звезда Прииртышья. – 1972. – 6 янв. – С. 4.
2. Соколкин Э.Д. О пойме Иртыша: (Рец. на кн. Н. Баяндина «Освоение пойменных земель») // Звезда Прииртышья. – 1973. – 30 авг. – С. 3.
3. Мубараков Ш. Ученый-исследователь: [90 лет ученому, доктору сельскохоз. наук Н.И. Баяндину] // Звезда Прииртышья. – 2002. – 22 янв. – С. 7.
4. Жанбота Д. Ұлы көштің керуені: [ғалым, ұстаз Нұғыман Баяндин туғанына 100 жыл] // Сарыарқа самалы. – 2012. - 2 маусым. - 7 б.