Шәріпов Марат Шәріпұлы

1942 жылдың 12 сәуірінде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген

Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының докторы

Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

1970-85 жылдары – ҚазКСР ҒА Қарағанды химия-металлургия институтының аға инженері;

1976-79 жылдары – ҚазКСР ҒА Қарағанды химия-металлургия институтының ғалым хатшысы;

1979-85 жылдары – ҚазКСР ҒА Қарағанды химия-металлургия институтының ион алмасу процестері зертханасының меңгерушісі;

1985 жылдан бастап– Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу секторының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, кванттық және физикалық химия кафедрасының меңгерушісі және профессоры.

М. Шәріповтің негізгі ғылыми еңбектері көп компонентті ерітінділерден түсті және сирек кездесетін металдарды іріктеу және бөлудің теориялық және технологиялық негіздерін жасау мәселелеріне арналған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Шарипов Марат Шарипович // Ученые Павлодарской области / ПГУ им. С. Торайгырова. – Павлодар, 2002. – С. 124
2. Шарипов Марат Шарипович // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия / Акимат Павлодарской области; ПГУ им. С. Торайгырова. – Алматы, 2003. – С. 124