Шүлембаев Қатыршат Шапагатұлы

1937 жылы 05 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген

Ғылыми дәрежесі: философия ғылымдарының докторы

Білімі: Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты

1959-60 жылдары –Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының орыс және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы

1961-64 жылдары – ҚазКСР Орталық мемлекеттік мұражайының ғылыми қызметкері

1964-67 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты

1975-80 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы

1972-98 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының философия кафедрасының меңгерушісі

1970 жылы Қатыршат Шүлембаев «Қазақстандағы ислам діні» философиясы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғайды. Оның бұл еңбегі ғылымға қосқан елеулі үлесі ретінде бағаланды. Ғалым өзінің туған ҚазПИ - де сабақ береді, ғылыммен шұғылданады, аспиранттарға ғылыми зерттеулерінде көмектеседі, ислам діні бойынша кітаптар жазады, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды.

Қатыршат Шапағатұлы жиырма жылдан астам Қазақ педагогикалық институтының философия кафедрасын басқарды, бірнеше жыл тарих факультетінің деканы болды. 1985 жылы ол әлеуметтік ғылымдар академиясында докторлық диссертацияны сәтті қорғап, философия ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Сол кезде Ресей және басқа республикалардың ғалымдары Қазақстан философының зерттеулерін жоғары бағалады.

Қатыршат Шапағатұлының ғылыми және педагогикалық қызметіндегі маңызды кезең оның 1975 жылы жарық көрген «Маги, боги, действительность» монографиясы болды.

1972 және 1978 жылдары Қ.Ш. Шүлембаевпен шығарылған дінтану бойынша оқулықтар республиканың гуманитарлық білім беру жүйесі үшін үлкен теориялық және әдістемелік маңызға ие болды.

Қатыршат Шүлембаевтың басшылығымен Абай атындағы ҚазПИ философия кафедрасы біртіндеп нағыз ғылыми-зерттеу орталығына айналуда. Қазақстанда Орта Азия аумағында теңдесі жоқ философиялық мектеп пайда болды. Мектептің негізгі бағыттарын анықтауда профессор Қ.Ш.Шүлембаев маңызды рөл атқарды. Оның зерттеулері мен еңбектерінде қазақ халқының рухани-мәдени ерекшеліктері, олардың уақыт бойынша дамуы, сенім ерекшеліктері кеңінен, жан-жақты көрініс тапты. Ал рухтарға деген сенім (аруақ) және Құдай алдында тағзым оларға бұрын зерттелмеген бағыттардың көмегімен ғылыми тұрғыдан түсіндірілді.

Қатыршат Шүлембаев «Әл-Фараби уақыт диалогында»-«Аль-Фараби в диалоге времен», «Ұлықбек: тарих және қазіргі заман»- «Улугбек: история и современность» атты ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың ұйымдастырушысы болды.

Академик Шүлембаев - Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, оның вице-президенті болды. Шулембаевтың төрағалығымен өткен «Қазақстанның орнықты дамуы»- «Устойчивое развитие Казахстана» халықаралық конференциясы республиканың ғылыми және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

Қатыршат Шапағатұлы бірнеше жыл докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Ол 30 кандидатты және бірнеше ғылым докторларын дайындады, білім беру жүйесіне арналған маңызды үздіксіз білім беру жобасын енгізу бойынша экспериментті басқарды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Шулембаев К.Ш. Об отношении ислама к женщине. – Алма-Ата: Казахстан, 1974. – 28 с.
2. Шулембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. – Алма-Ата: Казахстан, 1975. – 128 с.
3. Шулембаев К. Социальная справедливость, что это?. – Алма-Ата, 1988. – 41 с.

***

1. Шулембаев Катыршат Шапагатович // Казахская ССР: Крат. энциклопедия. В 4 т. – Алма-Ата. – 1989. – Т. 3. – С. 544
2. Шулембаев Катыршат Шапагатович // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия / Акимат Павлодарской области; ПГУ им. С. Торайгырова. – Алматы, 2003. – С. 642

***

1. Шулембаев К. Религия, как и атеизм – часть нашей духовной культуры: [беседа с доктором философских наук, профессором К.Ш. Шулембаевым] / Вел В. Журавлев // Казахстанская правда. – 1997. - 7 марта
2. Катыршат Шапагатович Шулембаев: [некролог] // Казахстанская правда. – 1998. - 23 июня
3. Педагог, ученый, гуманист: [памяти ученого К.Ш. Шулембаева] // Наука Казахстана. – 1998. - №12. - С. 5
4. Злобин Д. С ним было легко: [исполняется 65 лет одному из создателей философской школы Казахстана К.Ш. Шулембаеву] // Звезда Прииртышья. – 2002. - 5 марта. - С. 6
5. Жуманова Р. Вспоминая с любовью и нежностью: [о нашем земляке, одним из создателей философской школы Казахстана К.Ш. Шулембаеве] // Ақжол - Новый путь. – 2002. - 13 марта. - С. 6
6. Злобин Д. Достойный сын казахского народа: [о нашем земляке, ученом-философе, педагоге К.Ш. Шулембаеве] // Ақжол - Новый путь. – 2002. - 13 марта. - С. 6
7. Сабит М. Высокое призвание: [об ученом-философе, уроженце Павлодарской области К. Шулембаеве] // Казахстанская правда. – 2007. - 16 марта. - С. 10
8. Коныров Б. В память о большом ученом: [о Катыршате Шулембаеве] // Звезда Прииртышья. – 2012. - 17 марта. - С. 3
9. Брец А. Великий ученый, великий учитель: [75-летие ученого, философа К. Шулембаева] // Регион.kz. – 2012. - 22 марта. - С. 2
10. Аубакир Р. Один из блестящей плеяды: [об ученом, кандидате философских наук К. Шулембаеве] // Звезда Прииртышья. – 2017. - 6 апреля. - С. 15