Ахметов Қанат Қамбарұлы

1961 жылы 10 ақпанда Павлодар облысы Қашыр ауданы Песчаное ауылында дүниеге келген.

Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы

Білімі: Павлодар педагогикалық институтының жаратылыстану факультеті (1980-1985 жж.), ҚР ҰҒА Зоология институты жанындағы аспирантура (1986-1990 жж)

1990 жылы ҚазКСР ҒА Зоология институтының паразиттік омыртқасыздардың функционалдық морфология зертханасында аспирантураны бітіріп, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1990 жылдан бастап «Жалпы биология», «Зоология, ботаника және ауыл шаруашылығы негіздері», «Зоология, ботаника және физиология» кафедраларының доценті, Павлодар педагогикалық институтының (қазіргі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті) кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2003 жылға дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде келесі қызметтерді атқарды: жаратылыстану және педагогика факультетінің деканы, «Жаратылыстану және педагогика» оқу-өндірістік кешенінің директоры, жаратылыстану факультетінің деканы, жаратылыстану институтының директоры.

2004 жылы 03.00.19 - паразитология мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Адал еңбегі мен ғылыми қызметтегі жетістіктері үшін «ҚР Еңбек сіңірген ғылым қызметкері» белгісімен, білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, ҚР Президентінің алғысына бөленді.

Жарияланымдарының жалпы саны: 140-тан астам ғылыми жұмыс, оның ішінде екі монография, «Функциональная морфология кожно-мускульного мешка трематод различных систематических и экологических групп»/«Тері-бұлшықет қапшығының функционалдық морфологиясы әртүрлі жүйелі және экологиялық топтардың трематоды» монографиясы бүкілресейлік ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының көрмесінде (2012 ж.) үздік ғылыми жоба ретінде атап өтіліп, лауреат атанды.

Ахметов Қ.Қ. шетелдердегі көптеген халықаралық конференцияларға, қатысты. Ресей гельмитологтар қоғамының мүшесі, Халықаралық гельминтологтар қауымдастығының (ICOPA) мүшесі. КазНИВИ жанындағы Диссертациялық Кеңестің мүшесі (ҚазАгроИнновация АҚ (Алматы), ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сарапшысы, облыстық экология Кеңесінің мүшесі болған.

2011 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің Жасушалық биология және гистология кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті, тағылымдама аясында студенттерге трематод жасушаларының, мүшелері мен тіндерінің ультрақұрылымы бойынша 22 сағат көлемінде арнайы курс оқыды.

Павлодар облысы шегінде Ертіс өзені арнасында дамып келе жатқан шіркейлердің фаунасын, биологиясын және фенологиясын зерттеуші болып табылады.

1999 жылдан бастап Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жанындағы инсектицидтік іс-шараларды қолдау жөніндегі ғылыми топты үздіксіз басқарады. Аталған жұмыстың нәтижесі өзендерде бактериялық лярвоцидтік препараттарды қолдану алгоритмін әзірлеу болып табылады, ол жыл сайын Павлодар қаласында қансорғыш шіркейлердің жаппай көбею кезеңінде табысты қолданылады. Бұл әдіс Ресейде қолдану үшін мақұлданған.

2008-2009 жылдар аралығында «Сиббифарм» ЖШҚ-ның (Новосібір, Ресей) тапсырмасы бойынша қансорғыш шіркейлер дернәсілдерінің санын биологиялық бақылау үшін өзендерде «Бактицид» биологиялық препаратын пайдалану технологиясын әзірледі. Бұл препарат алғаш рет өндіріске енгізілді. Халықаралық ынтымақтастық шеңбері аясында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың (2012), Қазақстандық, Ресейлік және Ұлыбританиялық ғалымдардың қатысуымен (2008) екі халықаралық экспедиция ұйымдастырды және басқарды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов Қ.Қ. Омыртқасыз жануарлар зоологиясы бойынша оқу методикалық комплексі: әдістеме құрал. - Павлодар, 1999. – 16 б.
2. Ахметов К.К. Функциональная морфология кожно-мускульного мешка трематод: монография. - Павлодар, 2002. – 184 с.

***
1. Ахметов Қ.Қ. Жалпақ құрттардың жабындысының қызметтік морфологиясы бойынша әдеби мәліметтерге қысқаша шолу // ПМУ ғылыми жазбалары. - 1997. - №1. – 71 – 78 б.
2. Ахметов К.К. К вопросу о функциональном значении базальной мембраны тегумента трематод // Ученые записки ПГУ. - 2000.- №4(13). - С. 14 – 19
3. Ахметов К.К., Шаймарданов Ж.К. Функциональная морфология тегумента трематод // Биологические науки Казахстана. – 2001. - №1. - С. 89 -95
4. Ахметов Қ.Қ. Биология қатарында биосаясат ілімдерінің орны // Қазақстанның биологиялық ғылымдары. - 2002. - №3. – 100 - 104 б.
5. Ахметов К.К. К вопросу о функциональной роли синцитиального слоя тегумента трематод // Вестник ПГУ имени С. Торайгырова. - 2002. - №4. - С. 43-48
6. Ахметов К.К. Морфологические и функциональные особенности трематоды Codonocephalus urnigerus (Rudolphi 1819) // Вестник Тюменского государственного университета. - 2002. - №4. - С. 93 – 98
7. Ахметов К.К. Распределение протеинов и их функциональных групп в тегументе трематод различных экологических групп // Научный Вестник Тюменской медицинской академии. - 2002. - №5. - С. 124 – 129
8. Ахметов К.К. К вопросу об эволюции структур кожно-мускульного мешка трематод // Вестник ПГУ им.С.Торайгырова. - 2003. - №1. - С. 9 – 15
9. Ахметов К.К. Организация мускулатуры некоторых видов трематод из различных экологических и систематических групп // Ізденіс-Поиск. - 2003. - №3. - С. 56 - 63 (Серия естественных и технических наук)
10. Ахметов К.К. Тонкая структура и гистохимические особенности отделов пищеварительной системы трематоды Cyclocoelum mutabile (zeder,1800) cem. Cyclocoelidae // Биологические науки Казахстана. - 2003. - №1. - С. 42 – 48
11. Ахметов К.К. К фауне трематод утиных птиц Павлодарской области // Биологические науки Казахстана. – 2003. - №3. - С. 94 - 96
12. Ахметов К.К. Ультраструктурная организация гастродермиса трех видов трематод // Научный Вестник Тюменской медицинской академии. - 2003. - №4. – С. 104 – 107
13. Ахметов К.К. Повышение эффективности образования // Педагогический вестник Казахстана. - 2004. - №2. - С. 30 – 33
14. Ахметов К.К. Развитие международных связей Павлодарского государственного педагогического института // Педагогический вестник Казахстана. - 2005. - №1. - С. 23 – 28
15. Ахметов Қ.Қ. Бүгінгі түлек - ертеңгі мемлекеттік тіл тірегі // Сарыарқа самалы. - 2006. - 16 ақпан. - C. 3
16. Ахметов К.К. Находки древности // Звезда Прииртышья. - 2007. - 7 июня. - С. 2
17. Ахметов К.К. К вопросу распространения медведки обыкновенной (Gryllotalpa Gryllotalpa) в Павлодарской области // Вестник ПГУ. Серия химико-биологическая. – 2013. - №2. - С. 44 – 50

***
1. Нужен музей истории степи: [беседа с ученым К.К. Ахметовым] / беседовал Ж. Мананбаев // Звезда Прииртышья. – 2013. - 27 апреля. - С. 9
2. Ларионов Д. Мошек в городе не будет!: [о мероприятиях, направленных на уменьшение численности мошки в Павлодаре в беседе с биологом К.К. Ахметовым] // Регион.kz. – 2013. - 14 июня. - С. 8