1947 жылғы 14 қаңтар күні Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: С.Киров атындағы ҚазМУ физика факультеті.
Мәнсия Шарапатқызы Алинова 1947 жылғы 14 қаңтар күні Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келді. 1954 жылы Павлодар қаласындағы №15 мектептің бірінші сыныбына аяқ басты. 1965 жылы сол мектепті бітірді.
Осы жылы Мәнсия Шарапатқызы С.Киров атындағы ҚазМУ физика факультетіне оқуға түсті. 1971 жылы «Физик. Неміс тілінде оқытумен физика оқытушысы» мамандығын берумен «Физика. Оптика и спектроскопия» мамандығы бойынша университетті аяқтады.
1971-1972 жылдар аралығында М.Ломоносов атындағы физика факультетінің стажер-зерттеушісі болды. Сынақ ісінен өткен соң Павлодар индустриалды институтының физика кафедрасына ассистент болып қабылданды. Кафедра құрамында бола тұра ассистент, аға оқытушыдан ЖАК доцентіне дейін өсті.
1992 жылы «Активизация познавательной деятельности студентов младших курсов» тақырыбында диссертациясын қорғап, 13.00.01 – педагогика теориясы мен тарихы мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болды.
1991-1994 жылдары М.Ш.Алинова энергетика факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып тағайындалып сол факультетте қызмет етті. 2003-2004 жылдары С.Торайғыров атындағы физика-математика институтының тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болды.
2004 жылы Мәнсия Шарапатқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына (ПМПИ) жұмысқа шақырылды. Сол жылы жаңа «Кәсіптік оқыту» кафедрасын басқарды, конкурс бойынша ПМПИ кәсіптік оқыту кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2008 жылы кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры атағы берілді.
2009 жылғы сәуір айында М.Ш.Алинова С.Торайғыров атындағы ПМУ жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті болып тағайындалды.
2010 жылы «Теория и практика естественнонаучной подготовки педагогов профессионального обучения в вузе» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Сол жылы оған «ЖОО үздік оқытушысы» - 2010 атағы берілді.
2011 жылы 13.00.08 – кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағы берілді.
2012 жылғы қаңтар айында үш жылға еңбек шартын жасаумен конкурс бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ жаңа кәсіптік оқыту кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылы Мәнсия Шарапатқызы 2012 жылғы 12 қарашадан № 1311 авторлық құқық нысанына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ие болды. Қазақстанның педагогика ғылымдары Академиясының академигі болды – 2012 жылғы 11 мамырдан № 0082 диплом.
2013 жылы М.Ш.Алинова кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры лауазымына ПМПУ-не ауысады. 2014 жылғы тамыз айында ПМПУ физика-математика факультетінің деканы болып тағайындалды, осы жылы физика-математика және химия-биология факультеттерінің базасында жасалған ПМПУ математика және жаратылыстану факультетіне айналған жаңа, кеңейтілген факультеттің деканы болып тағайындалып, осы күнге дейін осы лауазымда жұмыс істейді.
2014 жылы өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіне маңызды үлес қосқаны үшін «Ы.Алтынсарин» омырау белгісімен марапатталды.
Мәнсия Шарапатқызы студенттер және жас мұғалімдермен өз білімімен, икемділігі және дағдыларымен бөлісе отырып, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау ісіне үлкен үлес қосты. Педагогикалық қызмет ету жылдары М.Ш.Алинованың жетекшілігімен Павлодар және Павлодар облысының білім беру жүйесі үшін педагогтар мен бакалаврлар дайындалды, бұл орта жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, колледждердің кәсіптік оқыту педагогтары, қосымша білім беру педагогтары. Профессор М.Ш.Алинованың жетекшілігімен 20 астам магистрлік диссертация қорғалды.
Мәнсия Шарапатқызының ғылыми басылымдарының тізімінде 6 монография бар, олардың біреуі шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша Австрияда шығарылды (Вена қаласы), ҚР БжҒМ РОӘК ұсынған «Физика» оқулығы кәсіптік оқыту мамандықтарына арналған негізгі оқулық болып табылады. Мәнсия Шарапатқызы зерттеулерінің нәтижелері 20 астам шетелдік басылымдарда, 40 журнал мақалаларында, әртүрлі деңгейдегі 90 конференцияда көрсетілген.
Әдебиеттер тізімі:
1.Innovations in education: monograph: коллективная монография с зарубежными учеными.- Vienna: East West Association Studies and Higher Education GmbH, 2015
2.Алинова М.Ш. Воспитательная работа в учреждениях профессионального образования: учебное пособие для студентов специальностей профессионального обучения. - Павлодар: Кереку, 2013. - 96 с.
3.Алинова М.Ш. Дидактические проблемы подготовки педагогических кадров для профессионального образования: монография. - Алматы: Білім, 2008. - 206 с.
4.Алинова М.Ш. Избранные вопросы современной физики: учебное пособие для студентов специальности 050120 Профессиональное обучение. - Павлодар: Кереку, 2010. - 106 с.
5.Алинова М.Ш. Интеграция отраслевой и педагогической подготовки педагогов профессионального обучения в учебном процессе вуза: монография. - Алматы: Білім, 2008. - 210 с.
6.Алинова М.Ш., Жексембекова В.А. Контроль учебных достижений обучающихся как фактор внедрения кредитной системы обучения в условиях модернизации: учебное пособие. - Павлодар: Кереку, 2009. - 173 с.
7.Алинова М.Ш.Организация и планирование производственного обучения в профессиональном образовании: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2008. - 110 с.
8.Алинова М.Ш. Пособие по физике: учебное пособие для студентов специальности 050120 Профессиональное обучение. - Павлодар: ПГПИ, 2008. - 109 с.
9.Алинова М.Ш. Физика 1: учебное пособие для студентов инженерных специальностей. - Павлодар: Кереку, 2011 - 174 с.
10.Алинова М.Ш. Физика 2: учебное пособие для студентов инженерных специальностей. - Павлодар: Кереку, 2011 - 198 с.
11.Алинова М.Ш. Физика: учебник. - Павлодар: Кереку, 2009. - 370 с.
***
1.Алинова М.Ш. Вопросы точности и надежности принятия решений об оценке знаний студентов в условиях неопределенности // Менеджмент в образовании. - 2003. - № 3. - С. 173-177
2.Алинова М.Ш. Особенности контроля знаний в вузе и пути его совершенствования // Высшая школа Казахстана. - 2003. - № 4. - С. 20-24
3.Алинова М.Ш. Некоторые вопросы формализации в современной педагогике // Вестник ПГУ. - 2004.- №1. (Серия педагогическая)
4.Алинова М.Ш. Теоретические основы совершенствования проектной подготовки будущих педагогов профессионального обучения // Вестник ПГУ.- 2005.- №1. (Серия педагогическая)
5.Алинова М.Ш. Кәсіптік оқыту педагогтарын композиция негіздеріне бейімдеу жолдары // Қазақстан педагогикалық хабаршысы. - 2006. - №4. - 57-63 б.
6.Алинова М.Ш. Визуальная лекция как средство воспитания профессиональной направленности будущих учителей технологии // Вестник Карагандинского государственного университета. - 2006. - №3. - С.106-111 (Педагогика)
7.Алинова М.Ш. Интеграция информационных технологий и дисциплин швейного профиля в подготовке педагогов профессионального обучения // Педагогический вестник Казахстана. - 2006. - №4. - С.41-44
8.Алинова М.Ш. Интеграция учебной и профессиональной деятельности педагогов профессионального обучения в вузе // Вестник КазНУ. - 2006. - №3. - С.13-18 (Педагогические науки)
9.Алинова М.Ш. Деятельностные основы подготовки педагога профессионального обучения в педагогическом институте // Вестник университета «Кайнар».- 2007.- №1/1(51).- С.73-77 (Педагогические науки)
10.Алинова М.Ш. Методологические основы подготовки педагогов профессионального обучения // Ұлт тағылымы = Достояние нации. - 2007.- №2(2).- С.174-177
11.Алинова М.Ш. Структура уровней образованности педагогов профессионального обучения // Вестник ПГУ.- 2007. - №4. - С.28-35 (Серия педагогическая)
12.Алинова М.Ш. Еңбек технологиясы мұғалімінің тамақ әзірлеу бөлімі бойынша дайындалғанның мазмұны // Қазақстан педагогикалық хабаршысы.- 2008. - №1. - 47-50 б.
13.Алинова М.Ш. Кәсіптік оқыту педагогының аспаздық дайындығы // Қазақстан педагогикалық хабаршысы. - 2008. - №3. - 63-65 б.
14.Алинова М.Ш. Жоғары оқу орынындағы физика пәнінің мақсаттары мен міндеттері // Вестник ПГУ. - 2011. - №3. - С.9-11 (Серия физико-математическая)