Амарбаев Александр-Шайхи Мухатаевич

1928 жылы 5 қаңтарда Шарбақты ауданы Шалдай ауылында дүниеге келген.

Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы

Білімі: 1949 жылы Алматы зооветеринария институтын бітірді.

1949-1952 жылдары – аспирант.

1952-1955 жылдары - ҚазКСР ҒА Эксперименттік биология институтының аға ғылыми қызметкері.

1955-1956 жылдары – колхоз төрағасы.

1956–1958 жылдары – КСРО АШМ Киров ауылшаруашылық институтының доценті.

1958-1960 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

1960-1963 жылдары - мал шаруашылығы қаз ҒЗИ зертханасының меңгерушісі.

1963-1987 жылдары-ҚазКСР ҒА эксперименттік биология институтының зертхана басшысы.

1987 жылдан-ҚР ҒМ - ҒА жануарлардың биотехнологиясы және өсімін молайту жөніндегі ғылыми-эксперименттік орталықтың бас ғылыми қызметкері.

Александр-Шайхи Мұхатайұлы ауыл шаруашылығы жануарларының биохимиясы және физиологиясы саласында танымал маман болып табылады. Оның жетекшілігімен 7 кандидаттық диссертация қорғалды. Ғалымға 150-ден астам жарияланым, оның ішінде 10 монография, 3 авторлық куәлік тиесілі. Негізгі ғылыми еңбектері: «Қойдың құнарлылығын арттырудың гормондық әдістері» (1969), «Ірі қара мал эмбриондарын транспланттау» (1987), «Қой мен сиырдың өсімін молайту және оның эндокриндік механизмдері» (1994).

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының грамоталарымен марапатталған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Амарбаев А.-Ш. М. Гормональные методы повышения плодовитости овец. - Алма-Ата, 1969
2. Амарбаев А.-Ш. М. Биология ягнят многоплодных мясо-сальных овец: труды Института экспериментальной биологии. - Алма-Ата: Наука Казахской ССР, 1975. - 140 с.
3. Амарбаев А.-Ш. М. Трансплантация эмбрионов крупного рогатого скота. - Алма-Ата, 1987

***

4. Амарбаев Александр-Шайхи Мухатаевич // Кто есть кто в Казахстанской науке: Справочник. - Алматы, 1999. - С. 398
5. Амарбаев Александр-Шайхи Мухатаевич // Ученые Павлодарской области. – Павлодар, 2002. – С. 34 – 35
6. Амарбаев Александр-Шайхи Мухатаевич // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. – Алматы, 2003. – С. 126
7. Амарбаев Александр-Шайхи Мухатаевич // Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009. – 109 б.