1940 жылы 25 наурызда Павлодар облысы Успенка ауданы Тобылжан ауылында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы
Білімі: 1963 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану - география факультетін бітірген.
Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі Қайырбай Оразамбекұлы Базарбеков 1940 жылы 25 наурызда Павлодар облысы Успенка ауданы Тобылжан ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келді. Балалық шағы Шарбақты ауданының Қызылтаң ауылында өтті, қазақ бастауыш мектебінде оқыды. 1957 жылы Тобылжан орта мектебін бітірді. Мектепті бітірген соң «Павлодартұз» тресінің брикет цехында жұмыс істеп жүріп кешкі мектепте оқыды.
1958 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогика институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түседі. 1963 жылы институтты бітірген соң биолог мамандығына ие болады да, сол институттың анатомия және зоология кафедрасының оқытушысы болып қабылданады. Институтта оқып жүрген кезінде Қайырбай Оразамбекұлы жаратылыстану-география факультетінің сүйікті оқытушыларының дала практикалары мен экспедицияларына қатысады. Профессор В.В.Ивановпен және оның аспиранттарымен бірлесіп, Орал өзенінің жайылмасы мен Батыс Қазақстан ойпатының өсімдіктері мен жануарлары әлемін зерттеу жөніндегі ғылыми экспедицияға қатысты. «Орал өзені жайылмасындағы реликті су өсімдіктері» атты алғашқы басылымы осы экспедиция нәтижелеріне арналып, 1963 жылы Ленинград қаласында «Географический вестник» журналында жарияланды.
Студенттік жылдары қоғамдық жұмысқа толы болды. Оқып жүрген кезінде институттың кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. 1961 жылы Қайырбай Оразамбекұлы коммунистік партияның қатарына қабылданады.
Павлодар педагогика институтында (қазіргі ПМПУ) биология-химия факультеті ашылғаннан кейін ол туған жеріне оралып, 1964 жылдың 1 қыркүйегінде зоология кафедрасына оқытушы болып жұмысқа қабылданады. Сол жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылып, Қиыр шығыс әскери округының Уссурийск қаласында әскери борышын атқарады. Әскери қызметті аяқтаған соң, 1965 жылдың қыркүйек айында Павлодар педагогика институтында жұмысын жалғастырады. 1966-1967 жылдар аралығында Павлодар педагогика институты зоология кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады. 1967-1970 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының зоология институтына аспирантураға түседі, бірақ таңдалған бағыт бойынша мамандардың жетіспеушілігіне байланысты Ленинград қаласының КСРО Ғылым академиясының Зоология институтына жіберіледі. 1970 жылы Қайырбай Оразамбекұлы аспирантураны бітіріп, «Оңтүстікшығыс Қазақстанның сарымсақ және пияз нематодтар фаунасы» тақырыбында биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын сәтті қорғады.
Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін ол биология-химия факультетінің деканы болып тағайындалады. 1964-1996 жылдар аралығында Павлодар педагогика институтының (қазіргі ПМПУ) зоология кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі және факультет деканы болып қызмет атқарады. Көп жылдар бойы Қайырбай Оразамбекұлы ҚР Ғылым академиясы жанында қызмет ететін «Қазақстанның жануарлар әлемі, оларды қорғау және қалпына келтіру» проблемалық Ғылыми кеңестің мүшесі болып табылады, ол Мәскеу, Ленинград, Воронеж, Махачкала, Тарту, Ташкент, Фрунзе және тағы басқа қалаларда өткен бүкілодақтық конференцияларда бірнеше мәрте баяндама жасады. Оның алдына қойған басты мақсаты – солтүстік-шығыс Қазақстанның және орта Ертіс өңірінің фитогельминтология фаунасын зерттеу. Ертістің солтүстік өңіріне экспедиция ұйымдастырып, өсімдіктердің паразиттер фаунасын зерттейді, омыртқалы жануарларды зерттеуге деген қызығушылық артады.
1996-2001 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ биология кафедрасының доценті болды. С.Торайғыров атындағы ПМУ құрылғаннан кейін (2001-2003 жж.) «Экология, табиғатты пайдалану және география» кафедрасының меңгерушісі, С.Торайғыров атындағы ПМПУ биология-химия институтының директоры. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ жаратылыстану институтының директоры. 2003 жылы «Солтүстік-шығыс Қазақстан көкөністері мәдениеті еркін тіршілік ететін және фитопаразит нематодтары» тақырыбында биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын сәтті қорғады. 2004-2008 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ биология-химия институтының директоры болды. Қазіргі уақытта Павлодар мемлекеттік педагогика институтының (қазіргі ПМПУ) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.
Зоология, паразитология, экология жөніндегі 140-тан астам ғылыми жұмыстың авторы. «Оңтүстік-шығыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан көкөністері нематодтары және мелойдогин, дитиленх популяцияларын кешенді басқару мәселелері», «Қазақстан өсімдіктер нематодтары. Афеленхида отряды», «Ертістің Павлодар өңірінің жануарлар әлемі» (омыртқалы жануарлар) атты 3 монография шығарылды. Екі оқу құралы облыстың омыртқалы жануарларына арналған, олар «Құстарды анықтау. 1-бөлім», «Омыртқалы жануарлардың шығу тегі және эволюциясы».
Ең ірі еңбектерінің ішінде мыналар: «Оңтүстік-шығыс Қазақстанның суармалы егіншілік жағдайындағы пияздың сабақ нематодтарымен күресу үшін нематицидтерді пайдалану» (1970), «Ертіс өзені орта бөлігіндегі жабайы емдік өсімдіктердің нематод фаунасы» (1987), «Павлодар облысының кейбір дәрілік өсімдіктерінің нематодтары» (1996), «Қазақстанның фитонематод фауналық кешендерін зоогеографиялық тұрғыдан аудандастыру» (2001), «Қазақстан нематологиясының қазіргі фитогельминтология жағдайына шолу» (2001), «Қазақстандағы паразиттік нематод популяцияларын басқару әдістерінің даму жолдары» (2002), «Солтүстік галлдық нематодтардың (meloidgynae halpa) жабық жағдайдағы паразитизмге морфологиялық бейімделуі» (2004).
Қазіргі уақытта магистранттардың, аспиранттардың, докторанттардың жетекшісі болып табылады.
Қ.О.Базарбеков Қазақстанның көкөністер мәдениеті фаунасына зоогеографиялық тұрғыдан аудандастыру жүргізді. Солтүстік-шығыс Қазақстанның фитонематод фауналық кешендеріне талдау жүргізіп, жүйеленуі әзірленді. Көкөністерді фитогельминтоздардан кешенді қорғаудың негізгі принциптері құрастырылып, сабақ және тамыр седентарлық нематодтарының экологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Павлодар облысының кейбір дәрілік өсімдіктерінің нематодтары анықталды. Фитогельминттермен күресте нематодтарға қарсы жер өндеу жөнінде ұсыныстар жасалды.
Павлодар педагогика институтында (қазіргі ПМПУ) алғаш жұмыс істеген күндерінен Қ.О.Базарбеков оқытушылық қызметті ғылыми-зерттеумен үйлестіре білді. Оның көздеген мақсаттары: орталық Ертіс өңірінің фитогельминтофаунасын зерттеу, Павлодар облысының көкөніс және жеміс дақылдарының неғұрлым патогенді гельминттерінің түрлі құрамын айқындау, патогенді паразиттердің көбеюіне себебін тигізетін жағдайларды анықтау, олармен күрес жүргізу жолдарын әзірлеу.
Қайырбай Оразамбекұлы – Қазақстанның ағарту ісінің үздігі, КСРО жоғары мектебінің үздігі, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері. Жас мамандарды даярлау үшін Павлодар педагогика институтының (қазіргі ПМПУ) биология-химия факультеті мен С.Торайғыров атындағы ПМУ биология-химия институтының дамуы үшін көп еңбек сіңірген ғажайып лектор, педагог, ғалым және ұйымдастырушы.
Қайырбай Оразамбекұлы - ПМПИ табиғат мұражайының негізін салушы. Оның басшылығымен және шәкірттерінің еңбегімен Қазақстан жоғары оқу орындарының арасындағы жалғыз ғана бірегей мұражай құрылды. Қазақ КСР «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1975 ж.), социалистік жарыстар жеңімпазы белгісімен (1977 ж.), КСРО Ағарту министрлігінің және кәсіподақ орталық комитетінің құрмет грамотасымен (1980 ж.) марапатталды. Қ.О.Базарбеков КСРО жоғары және орта арнайы білім беру министрлігінің және кәсіподақ орталық комитетінің «Еңбектегі ерең табыстары үшін» омырау белгісінің (1982 ж.), «Еңбек ардагері» медалінің (1983ж.) иегері, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» медалімен (2002 ж.) және Ыбырай Алтынсариннің омырау белгісімен марапатталды.
Әдебиеттер тізімі:
1.Базарбеков К.У. Рекомендации по борьбе со стеблевой нематодой - паразитом лука и чеснока. - Алма-Ата, 1969.- 11с.
2.Базарбеков К.У. Происхождение и эволюция позвоночных животных: методическое пособие.- Павлодар, 1992.- 68с.
3.Базарбеков К.У. Определитель птиц. Ч.1 Неворобьинные виды.- Павлодар, 1992. - 102с.
4.Базарбеков К.У. Программно-методический комплекс по оптимизации биологического образования. - Павлодар, 1992. – 198 с.
5.Базарбеков К.У. Нематоды растений Казахстана. Отряд Афеленхида.- Павлодар, 1996. - 126с.
6.Базарбеков К.У. Нематоды овощных культур Севера, Востока и Юго-Востока Казахстана и проблемы интегрированного управления популяциями дитиленхов и мелойдогин.- Москва, 2001.- 270с.
7.Базарбеков К.У. Нематоды растений Казахстана. Отряд Афеленхида. - Павлодар, 2002.- 84с.
8.Базарбеков К.У. Животный мир Павлодарского Прииртышья (позвоночные животные).- Павлодар, 2004.- 336с.
9.Базарбеков К.У. Позвоночные животные Павлодарского Прииртышья (позвоночные животные). Издание второе, переработанное. – Павлодар: ЭКО, 2005.- 336с.
10.Базарбеков К.У. Восстановление экосистем, нарушенных нефтепродуктами: учебное пособие. - Павлодар, 2006.- 167с.
***
1.Базарбеков К.У. Стеблевая нематода на луковичных растениях в Казахстане // Защита растений. - 1970.- №10.- С.45
2.Базарбеков К.У. Нематоды некоторых лекарственных растений Павлодарской области // Вестник Акмолинского университета им. Гумилева.- 1996. - № 4.- С.123-129
3.Базарбеков К.У. Прогнозирование ущерба от фитогельминтозов и пороги вредоносности нематод // Ученые записки Павлодарского государственного университета. - 2000.- № 4.- С.18-29
4.Базарбеков К.У. Зоогеографическое районирование фаунистических комплексов фитонематод Казахстана // Вестник ПГУ.- 2001.- №2.- С.19-29
5.Базарбеков К.У. Обзор состояния современной фитогельминтологии в Казахстанской нематологии // Биологические науки Казахстана.- 2001.- №1.- С.29-38
6.Базарбеков К.У. Пути развития методов управления популяциями паразитических нематод в Казахстане // Биологические науки Казахстана. - 2002.- № 2.- С.60-64
7.Базарбеков К.У. Влияние степных пожаров поздней осени на численность и распределение диких животных на территории зоологического заказника «Кызыл-тау» Павлодарской области // Вестник ПГУ. Серия химико-биологическая. - 2004. - №3. - С.13-19
8.Базарбеков К.У. Взаимоотношения человека с природой на примере историко краеведческих исследований казахов // Өлкетану = Краеведение.- 2005.- №1.- С.137-144
9.Исакаева М. «Еңбегін ел таныған»: б.ғ.д., профессор Қ.О. Базарбековтін туғанын 70 жыл // Шаһар. - 2010. - 11 Наурыз. - 14б.