Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы

1974 жылы 1 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданы Заречное ауылында туған.

Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының докторы

Білімі: 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С. Торайғыров атындағы ПМУ) «Автокөлік және трактор құрылысы» мамандығы бойынша үздік бітірген, 1999 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

1999 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1999 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар университетінің Мәдениет академиясының директоры. 1999 ж. желтоқсан айынан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің стажер-зерттеушісі. 2000 жылдың қыркүйегінен бастап әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы.

2001 жылдың наурыз айынан бастап - Қоғамдық бірлестіктер институтының директоры және С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттер құрылыс отрядтар штабының командирі.

2002 жылдың қыркүйек айынан бастап Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың меңгерушісі, ал 2003 жылдың қыркүйегінен бастап тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің директоры қызметін атқарды.

2003 жылы Павлодар қалалық мәслихатының III шақыруына сайланды.

2003 жылдың қазан айынан бастап - С. Торайғыров атындағы ПМУ әкімшілік департаментінің директоры.

2004 жылдың сәуір айында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, 2008 жылдың сәуірінде Стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

2005 жылдың сәуір айында «Павлодар облыстық студенттік және жастар еңбек отрядтарының штабының» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша магистрлік диссертациясын табысты қорғағаннан кейін Павлодар мемлекеттік университетінің доценті ғылыми атағы берілді.

2006 жылдан бастап - Республикалық студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтарының республикалық штабының бірінші орынбасары.

2007 жылы Павлодар қалалық мәслихатының IV шақырылымына депутаты болып сайланды, Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.

2009 жылы доцент ғылыми атағы берілді, 2010 жылдың маусым айында экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2010 жылдың желтоқсанында ол бірінші проректор - стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып тағайындалды.

2011 жылы «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының Павлодар облыстық қоғамдық сайлау алды штабының төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2011 жылғы 7 желтоқсаннан бастап «Нұр Отан» Халық-демократиялық партиясының партиялық тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаттығына кандидат.

2012 жылғы 18 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімімен Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылдан бастап - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры.

Әдебиеттер тізімі:

1.Бегентаев М. М. Инновационный потенциал Казахстана: теория, методология, механизм развития: автореф. дис. ... д-ра экон. наук: 08.00.05. - Караганда, 2010.- 44 с.

***

1.Бегентаев М.М. Индустриально-инновационные кластеры в промышленности и организационно-экономические основы их формирования: [об индустриально-инновационных кластерах в промышленности] // Вестник университета «Туран». - 2009. - №2. - С. 20 – 25
2.Бегентаев М.М. Предпринимательство в научно-технической сфере Казахстана // Вестник ПГУ. Серия экономическая. - 2007. - №1. - С. 14 – 21
3.Бегентаев М.М. Приоритетные направления по государственной поддержке наукоемкого сектора: [о государственной поддержке наукоемкого сектора РК] // Саясат. - 2009. - №4(апрель). - С. 57 – 58
4.Бегентаев М.М. Совершенствование системы инвестиционного обеспечения инновационной деятельности в Казахстане // Саясат-POLICY. - 2009. - №5. - С. 4 - 8
5.Бегентаев М.М. Совершенствование системы инвестиционного обеспечения инновационной деятельности в Казахстане // Саясат. - 2009.- № 5. - С. 4 - 8.
6.Бегентаев М.М. Формы развития научной сферы в экономике Казахстана // Вестник ПГУ. Серия экономическая. - 2006.- №4. - С.16 – 25.
7.Бегентаев М. Совершенствование системы управления организациями научной сферы в Республике Казахстан // Саясат. - 2004. - N5. - С.75 – 79.