Бейсембаев Амангелді Рақышұлы

1961 жылғы 29 шілде күні Павлодар облысы Краснокутск ауданы Шұбырқұлын ауылында дүниеге келді.

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы

Білімі: 1984 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша; 1991–1994 жж. Абай атындағы АМУ орыс тілі кафедрасының жанында магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 1984 жылы бастады. 1984 – 1990 жылдар аралығында Павлодар облысы Ермак ауданының Қалқаман орта мектебінде мұғалім, кейін оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1990 – 1991 жылдары Павлодар педагогикалық институтының орыс тілі кафедрасының тағылымгер – зерттеушісі болды. 1995 жылы «Функции инфинитива в простом предложении древнерусского языка (по памятникам XI—XIV вв.)» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1995 – 1997 жж. Екібастұз жоғары педагогикалық колледжі директорының орынбасары болып қызмет етті. 1997 – 2001 жылдары – ОҒӨК директоры, Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы бойынша басқармасының бастығы. 2003 жылы «Языковая сущность и способы экспликации эгоцентризма текста» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады. 2001 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін: «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры.

Наградалары мен сыйлықтары:

2013 ж. - «Сибирская академия управления и массовых коммуникации (институт)» Мемлекеттік емес жоғары кәсіби білім беру мекемесінің алғыс хаты – Новосібір.

2015 ж. – «ЖОО үздік оқытушысы» атағы берілді.

2016 ж. – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Әдебиеттер тізімі:

1.Лингвокультурный концепт как фрагмент языковой картины мира. – Павлодар: Типография Сытина, 2015. – 109 с.
2.Лексико-грамматические маркеры текстового эгоцентризма. – Павлодар: Типография Сытина, 2015. – 180 с.
3.Бейсембаев А.Р. Проложенная колея: от компетентного педагога к успешному ученику. - Павлодар: Типография Сытина, 2011. - 218 с.
4.Бейсембаев А.Р. Эгоцентрические единицы в летописном тексте. - Алматы: КАРАТ PRINT, 2002. - 172 с.
5.Бейсембаев А.Р. Языковая сущность и способы экспликации эгоцентризма текста: автореф.дис. - Алматы, 2003.- 49 с.