1901 жылғы 12(25) желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының доктор
Білімі: в 1931 1931 жылы Омбы қаласындағы Сібір ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы институтын бітірді.
Бектұров Әбікен Бектұрұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстандағы химия ғылымының ұйымдастырушыларының бірі, жалпы және бейорганикалық химияның негізін салушыларының бірі, химия және фосфор мен оның қосылыстары технологиясы саласында танымал ғалым.
Омбы ауыл шаруашылық институтын, Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1935 жылы бейорганикалық химия саласында химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1968 жылға дейін Алматыдағы Қазақ университетінде педагогикалық қызмет атқарды.
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын құруға қатысты. Химия ғылымдарының институтын ұйымдастырып, оның алғашқы директоры атанып, 1968 жылға дейін қызмет етеді.
«Ленин», «Октябрь революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған.
Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған.
1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Бектуров А. Б. Исследования в области химии и технологии неорганических веществ: избранные труды. - Алматы: Гылым, 1991. - 256 с.
2.Бектуров А. Б. Исследования в области химии и технологии неорганических веществ: Избр.труды. - Алматы: Гылым, 1991. - 256 с.
3.Бектуров А. Б. Рекомендательный список литературы, областная библиотека им. Н.Островского, СБО. - Павлодар, 1971. - 4 с.
***
1.Буркитбаев М. Первопроходец // Казахстанская правда. - 2010. - 26 марта. - С. 15
2.Горбунов С. Академика чтут земляки // Казахстанская правда. - 2007. - 11 окт. - С. 8
3.Грищенко Е. Памяти академика Бектурова // Звезда Прииртышья. - 2007.- 22 сент. - С. 1
4.Грищенко Е. Улица имени Бектурова // Звезда Прииртышья. - 2004. - 30 нояб. - С. 3
5.Ергожин Е.Е. Основоположник химической науки Казахстана - акадамик А.Б. Бектуров // Вестник ПГУ. Серия химико-биологическая. - 2004 . - №1. - С. 17- 22
6.Исабеков Р. Казахстанский Менделеев // Новое время. - 2014. - 4 декабря. - С. 11
7.Казова Р.А. Идеи академика А.Б. Бектурова и химическая наука и технология Казахстана // Вестник КазНУ. Серия химическая. - 2011. - №3. - С. 15 – 18
8.Казова Р. У истоков химической науки Казахстана // Казахстанская правда. - 2001. -7 авг. - С.6