Дүйсембин Қабдрахман Дүйсембіұлы

1931 жылы 15 қарашада Успенка ауданы Үшкөл ауылында дүниеге келген.

Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы

Білімі: Таволжан орта мектебін бітірген соң Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1948 жылы Алматы Қаз МУ биология – жаратылыстану факультетін бітірді.

1953 ж. Ленинградтағы КСРО Ғылым академиясының Физиология институтында аспирантураға түсу үшін сайыстан өтеді. 1981-1990 жж. ҚазМУ-дың Адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етеді, ал 1990 ж. бері ҰҒА-ның Физиология институтының директоры. ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті, Халықаралық антропология академиясының академигі, ҚР профилактикалық медицина академиясының академигі, Азия медицина докторларының халықаралық ассоциациясының кеңесшісі әрі оның қазақ бөлімінің президенті.

Әдебиеттер тізімі:

1.Дюсембин Х. Д. Торможение и стимуляция лактации у животных. - Алма-Ата: Наука, 1977. - 208 с.
2.Базанова Н. У., Дюсембин Х. Д. Стимуляция молокоотдачи у животных. - Алма-Ата: Кайнар, 1973. - 112 с.
3.Базанова Н. У., Дюсембин Х. Д. Функции молочной железы у сельскохозяйственных животных. - Алма-Ата: Наука, 1973. - 268 с.
4.Дюсембин Х. Д. Гипогалактия: экспериментальные и клинические исследования. - Алматы: Гылым, 1993. - 196 с.
5.Дүйсембин Қ. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: оқулық. - Алматы, 2003. - 400 с.
6.Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. - Алматы: ҒАҒЗИ, 2001. - 217 б.
7.Здоровье человека и система П. К. Иванова «Детка». - Алматы: Каз.мед. ин-т, 1999. - 176 с.