Ержанов Нұрлан Телманұлы

1962 жылғы 28 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы

Білімі: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1984).

1984 жылғы тамыз айынан бастап 1985 жылғы қаңтар аралығында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің коллоидты химия және экология кафедрасының инженері болып қызмет етті. 1985 жылғы қаңтарда зоология кафедрасының оқытушысы қызметіне ауыстырылды. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ - де 1985 жылғы қаңтардан бастап 1991 жылғы қарашаға дейін – оқытушы, 1991 жылғы қарашадан 1992 жылғы шілде айына дейін – аға оқытушы, 1992 жылғы шілдеден 1994 жылғы қарашаға дейін зоология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 1994 жылғы қарашадан 1998 жылғы қаңтарға дейін – биология – география факультетінің деканы, 1998 жылғы қаңтардан 2000 жылғы қазанға дейін – тәрбие жұмысы бойынша проректоры, 2000 жылғы қазаннан 2001 жылғы сәуір айына дейін – оқу жұмысы бойынша проректор, 2001 жылғы сәуірден 2004 жылғы сәуірге дейін – бірінші проректоры болды. 2004 жылғы сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің инновациялар және ғылыми жұмыс бойынша проректоры болып табылады.

Жарияланымдарының жалпы саны: 540 ғылыми және ғылыми – әдістемелік жұмыс, соның ішінде 15 монография, 5 оқулық және 12 ғылыми – әдістемелік құрал, 3 авторлық куәлік және ҚР патенттері.

Маманданған саласы: Экология, цитогенетика, жануарларды қорғау және тиімді пайдалану, қоршаған ортаның антропогенді ластануының мәселелерін және оның жануарлар популяциясына әсерін зерттеу.

Әдебиеттер тізімі:

1.Ержанов Н.Т. Фауна и экология млекопитающих Центрального Казахстана: история развития и современное состояние. – Караганда, 1997. – 164с.
2.Ержанов Н.Т. Зоология курсы. – Карағанды, 2000. - 149 с.
3.Ержанов Н.Т. Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника. – Караганда, 2001. -174 с.
4.Ержанов Н.Т. Редкие и исчезающие животные Казахского мелкосопочника. – Павлодар, 2005. – 365 с.
5.Ержанов Н.Т. Охотничье-промысловые млекопитающие Казахского мелкосопочника. – Павлодар, 2006. – 141с.
6.Ержанов Н.Т. Биологические ресурсы Павлодарской области и их рациональное использование. – Павлодар: «ЭКО», 2008. – 219 с.