Жусупова Лаура Куандыковна

1973 жылы Семей қаласында дүниеге келді.

Ғылыми дәреже: тарих ғылымдарының докторы

Білімі: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 1990 – 1995 жылдар аралығында оқыды

1997 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істей бастады. 2002 жылы отандық тарих кафедрасының, кейін тарих, археология және этнология кафедрасының доценті болып ауыстырылды, қазіргі уақытта «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып табылады.

2002 жылы 07.00.02 – Отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2010 жылы 07.00.09 - тарихнама, деректану және тарихты зерттеу әдістері (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша докторлық дәрежені алу үшін диссертацияны қорғады.

Ж. Аймауытұлы, Ж. Досмұхамбетұлы және М.Ж. Көпеев сынды тарихи тұлғалар туралы фильм жасауға қатысты.

ҚР БҒМ 2015 – 2018 жж. «Жергілікті діни сенімдер мен тәжірибелер қазақтардың мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде» грант жобасының қатысушысы.

2017 ж. қыркүйек – Павлодар қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің сарапшысы.

2018 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы «Өлкетану» журналы алқасының мүшесі.

Қазіргі уақытта «Қазақ хандығының XV-XVIII тарихы бойынша Шығыс дереккөздері», «М.Ж. Көпеевтің тарихи – мәдени мұрасы» және «Деректану» саласында ғылыми іздеу жүргізуде.

Жарияланған ғылыми жұмыстарының саны 80 – ге жуық, ғылыми конференциялардағы баяндамалар саны 30, соның ішінде халықаралық Web of Science. SCOPUS. Web of Science. SCOPUS базасында хирш индексі – 1. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы 2016» грантының иегері және 2017 жылғы тамыз айында ҚР БҒМ «Тәуелсіз Қазақстаның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қолжеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды.

Әдебиеттер тізімі:

1.Жусупова Л.К. Түркі деректеріндегі Қазақ хандығы: монография. – Алматы: «ЭВЕРО», 2015
2.Жусупова Л.К. Ислам және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: монография. – Семей, 2017
3.Жусупова Л.К. Қазақстан тарихының деректану мәселелері: монография. – Семей, 2017

***

1.Жусупова Л.К. Особенности письменного наследия Машхур Жусипа Копеева: [историографическая деятельность М.Ж. Копеева] // Вестник ПГУ. Серия гуманитарных наук. – 2005. - №1. – С.22-26
2.Жусупова Л.К. Устная историческая традиция: [историографическая деятельность М.Ж. Копеева] // Вестник ПГУ. Серия гуманитарных наук. – 2005. - №1. – С.18-21