1954 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданының Галкин ауылында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы
Білімі: Құрманғазы атындағы Алма-Аты мемлекеттік консерваториясын аяқтады.
1954 жылы 20 маусымда Павлодар облысы Шарбақты ауданының Галкин селосында қызметші отбасында дүниеге келді. 1969 жылы Павлодар облысының Ертіс қ.т.п. мектебін бітірген соң, П.И.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесінің музыка теориясы бөліміне оқуға түсті. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Алма-Аты мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетіне оқуға түсті. Оны аяқтаған соң, Ертіс қ.т.п-нің БММ-де қызмет етті. 1986 жылы еңбек қызметін қайта ұйымдастырылған бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогикасы кафедрасының оқытушысынан бастады. 1989 жылы Құрманғазы атындағы АМК аспирантурасының сырттай бөлімін бітірген соң, 17.00.02 - Өнертану мамандығы бойынша өнертану кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Зерттеу тақырыбы: «Семейно-обрядовые плачи казахов и лирические темы утраты (некоторые аспекты взаимодействия)». Ғылыми жетекшісі: өнертану кандидаты, доцент Әсия Ибадуллайқызы Мұхамбетова. Қорғау орны: Өзбек КСР-ның мәдениет министрлігінің Хамзы Хакиим-Заде Ниязи атындағы өнертану институтының халықтар ынтымақтастық ордені.
1990 жылы конкурс бойынша Павлодар педагогикалық институтының педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие кафедрасының меңгерушісі лауазымына бекітілді. 1996 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ педагогика, психология және музыка кафедрасының доценті болып ауысты. 1999 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің музыка және ән салу кафедрасының доценті. 2001 жылдан С.Торайғыров атындағы ПМУ АҒҚ. 2003 жылдан қайта ұйымдастырылған этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының доценті. 2004 жылдың сәуір айынан және қазіргі уақытқа дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының философия және құқық кафедрасының доценті қызметін атқаруда.
2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша «Онтология духа и проблемы бытия отечественной культуры» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңесшісі – философия ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Мұрат, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің философия және ғылым әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми кеңесшісі философия ғылымдарының докторы Сергей Юрьевич Колчигин – ҚР БжҒМ-нің философия және саясаттану институтының бас ғылыми қызметшісі. Бағлан Жиеншеқызының бірқатар басылымдары бар: ғылыми мақалалар, оқу құралы және оқулық (серіктес авторлықта), монография. Республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты. Соның ішінде: «Философия ХХI века: проблемы, задачи и перспективы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы, 2003 ж. мамыр); «Социально-философские, культурно-исторические, экономико-правовые проблемы развития казахстанского общества» халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2003 ж. Маусым); «Проблемы преподавания философии в высших учебных заведениях» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы, 2005 ж. қазан); «Духовное наследие казахской степи и современность» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы, 2005 ж. желтоқсан).
Әдебиеттер тізімі:
1.Кокумбаева Б.Д. Программа по истории художественной культуры Казахстана: часть первая (дореволюционный период). – Алма-Ата, 1991. – 20 с.
2.Кокумбаева Б.Д. Введение в культурологию: учебное пособие по курсу «Теория и история мировой и отечественной культуры». - Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2000. - 149 с.
3.Кокумбаева Б.Д. Мәдениеттану негіздері: оқулық. – Павлодар: ҒӨФ ЭКО, 2002. – 144 б.
4.Кокумбаева Б.Д. Онтология культуры: монография. - Павлодар: ПГПИ, 2005. – 268 с.
***
1.Кокумбаева Б.Д. Сердце Великой Степи: культурфилософское эссе // Өлкетану. - 2003. - №1. - С. 158-166
2.Апаева Р. Философ Баглан Кокумбаева // Ұстаздар газеті. - 2007. -20 марта. - С.4
3.Кокумбаева Б.Д. Космокультура, или космическая тема в духовной интерпретации // Адам әлемі– Мир человека. - 2006. - №1. - С. 29 – 36
4.Кокумбаева Б.Д. Логика культурной драматургии евразийского космоса // Евразия. - 2006. - №1. - С. 78 – 91
5.Кокумбаева Б.Д. Духовные формы как предметное поле современной философии: взгляды казахстанских мыслителей // Философия ХХI века: проблемы, задачи и перспективы: материалы межд. науч.–практ.конференции. - Алматы, 2003. - С. 184 - 189
6.Кокумбаева Б.Д. Религиозный хронотоп культуры в контексте книги Н.А.Назарбаева «Критическое десятилетие»: культурфилософский анализ // Материалы научной конференции молодых ученых, студентов и школьников «III Сатпаевские чтения». - Павлодар, 2003. – С. 245
7.Кокумбаева Б.Д. Морфология культуры: проблема методологии // Саясат.- №4. - 2005. - С.18-21