Нұрымжанова Күләш Алдонғарқызы

1950 жылғы 20 қазанда Павлодар облысы Қашыр ауылында дүниеге келді.

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы

Білімі: 1972 жылы Павлодар педагогикалық институтын (қазіргі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті) үздік бітірді.

Күләш Алдоңғарқызы Нұрымжанова - педагогика ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, педагогикалық білім беру жүйесінің белгілі маманы, Қазақстан Республикасындағы мектепте білім беру ісінің шынайы жаңашыл ұстазы. Бүкіл өмірі – қиындықтарды жеңу, инновациялар мен талпыныстар эстафетасы.

Күләш Алдоңғарқызының балалық шағы ауылдық жерде – Қашыр ауданында өтті. Мұнда мектепке барды, ал Павлодар қаласына қоныс аударғаннан кейін сол жылдары Павлодар облысында мектептердің таңдаулысы болған № 3 орта мектепте оқыды. Мектепті аяқтаған соң, Павлодар педагогика институтының физика-матемика факультетіне оқуға түсті. 1970 жылы үздік оқығаны және ғылыми зерттеулерді ойдағыдай жүргізгені үшін оған атаулы Ленин стипендиясы тағайындалды.

1972 жылы К.А.Нұрымжанова «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша ППИ-ді (қазіргі ПМПУ) үздік аяқтады, осы факультеттің ең үздік түлегі ретінде физика кафедрасына ассистенттікке шақырды. 1972-1987 жылдар аралығында 15 жыл бойы кафедрада, алдымен ассистент, кейіннен оқытушы және аға оқытушы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол Абай атындағы Қазақ педагогика институтында физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының жанындағы аспирантураны бітірді (Алматы қаласы, 1974-1975 жж), Челябі мемлекеттік педагогика институтындағы физиканы оқыту әдістемесі кафедрасында тағылымдамадан өтті (1978 ж.).

Аспирантураны бітірген соң, К.А.Нұрымжанова ҚазКСР-нің білім беру министрлігімен өзінің Павлодар педагогика институтының (қазіргі ПМПУ) физика кафедрасына жіберілді. Жас ғалым институт өміріне белсенді қатысты, студенттердің ғылыми жұмыстарын басқарушылардың алдында болды.

Еңбек жолындағы жаңа кезеңі облыстық педагог кадрларының біліктілігін арттыру институты болды (1989-1994 жж.). Осы ЖОО-да ол физика кафедрасының доценті және аға ғылыми қызметкері (докторантура) болып қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде ол аймақта білім беруді дамыту мәселелерін қамтитын өзекті тақырыптар бойынша 25 курс әзірледі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ортасы педагогикалық эксперимент үшін жақсы кез болған жоқ: елдегі экономикалық және әлеуметтік реформалар, ұлттық білім беру стандарттарына көшу, қаржыландыру қиындықтары Күләш Алдоңғарқызына өзінің ұйымдастырушы, әдіскер, жасаушы қабілеттерін жұмылдыруға тура келді. 1995-2000 жылдар мерзімінде әзірленген үлгінің эксперименталды апробациясы автордан бүкіл жан күшін, қуатын және сәттілікке сенімін талап етті. Эксперимент барысында білім беру менеджерінің жаңа бейнесі пайда болды. Эксперимент аяқталғаннан кейін К.А.Нұрымжанова дарынды балаларға арналған жаңа лицейді ашу үшін Павлодар университетіне (қазіргі ИнЕУ) шақырылды. 2001 жылдың қыркүйек айында жаңа мектеп-лицей бірінші оқушыларын қабылдады. Кейін осы оқу орны Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ) жанындағы Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі мәртебесіне ие болып аймақтағы үздік мектептердің бірі болды.

2002 жылдың маусым айында Күләш Алдоңғарқызы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің (ПМУ) басшылығынан университет жанында өнеркәсіп және білім беру мамандарының біліктіліктерін арттыру институтын ашуға ұсыныс алды.

2004 жылы Павлодар педагогика институтына дербестігін қайтару ЖОО алдына жаңа даму мүмкіншіліктерін ашты, К.А.Нұрымжанова сөзсіз туған оқу орнына қайта оралды, басшылық оны аймақтық педагогика кадрларының біліктілігін арттыру орталығының директоры ретінде шақырды. ПМПИ-дің (қазіргі ПМПУ) қайта жаңаруынан бастап 2010 жылға дейін Күләш Алдоңғарқызы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру орталығын, ЖОО-ға дейінгі даярлық және кәсіби бағдар орталығын, физика кафедрасын, аймақтық білім беру жүйесімен байланыс орталығын басқарды.

Физика кафедрасының профессоры ретінде Күләш Алдонғарқызы студенттер мен магистранттарға арналған физика циклының пәндері бойынша дәріс, практикалық және зертханалық курстарды әзірлеп жүргізді. Негізгі курстардан басқа физиканы оқыту әдістемесі мен педагогиканың өзекті тақырыптарының 10 арнайы курстары бойынша толық әдістемелік қостауды әзірледі, олардың ішінде: «Инновационные технологии науки и образования», «Методологические вопросы современного школьного курса физики», «Технология разработки учебной литературы и методика её использования в процессе изучения курса физики в средней школе», «Методологические проблемы современной физики» және т.б.

Педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне, үлкен әдістемелік жұмысы үшін К.А.Нұрымжановаға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» атты мемлекеттік гранты берілді.

Профессор еліміздің, аймақтың және жоғары оқу орнының ғылыми өміріне белсене атсалысады. 2010 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті сәулет өнері, дизайн және бейнелеу өнері факультетінің жанындағы 05.01.01 – Инженерлік геометрия және компьютер графикасы (техникалық ғылымдар бойынша), 13.00.08 – Кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі (педагогикалық ғылымдар) мамандықтары бойынша ғылым докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертация қорғау жөніндегі Д 14.61.51 диссертациялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Өзінің ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижелерін профессор көптеген халықаралық ғылыми конференцияларда көрсетіп жүр. Ол – Қазақстанның педагогикалық журналдарының тұрақты авторы.

Ол Павлодар өңірінде ірі қоғамдық-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық жұмыстарды жүргізеді. Ғалымдар ұрпағының сабақтастығын қамтамасыз етуге, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға, студенттер конференциясына баяндамалар дайындауға көп көңіл бөледі.

Әріптестері мен студенттер профессор К.А. Нұрымжанованың тұлғалық қасиеттеріне, оның өмірлік мол тәжірибесіне, терең біліміне, зерттеу жұмысына берілгендігі мен мақсаткерлігіне ерекше қайран қалады. Ол әріптестерімен тәжірибесі мен білімін бөлісіп отырады. Профессордың әріптестері мен студенттеріне деген қарым-қатынасын тілекқор талапшылдығы мен табандылығы деп сипаттауға болады. Кәсіби өмірінде Күләш Алдоңғарқызы әрқашанда дәлдік пен міндеттілікті қалайды, сыни ойлауымен және өзіндік пайымдауымен ерекше. К.А. Нұрымжанованың азаматтық және қоғамдық белсенділігі бірнеше марапаттаулармен аталып өтілуде. 1970 жылы ол педагогика ғылымы мен оқыту практикасы алдында сіңірген еңбегі үшін «В.И. Лениннің 100 жылдығы» мерейтойы медалімен марапатталса, 2007 жылы Күләш Алдоңғарқызы Нұрымжанова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының озық оқытушысы» грантының иегері болды. 2010 жылғы қыркүйекте Павлодар мемлекеттік педагогика институтының Ғылыми кеңесі 2010 жылғы озық ғылыми зерттеулері мен педагогика саласындағы еңбегі үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлыққа ізденуші ретінде профессор К.А. Нұрымжанованың «Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстанның ауылдық жерлердегі мектептерін жетілдіру стратегиясы» атты жалпы тақырыптамадағы жұмыстары топтамасын ұсынды. Ол жоғары педагогикалық біліктілік – профессор атағын толықтай ақтауда, сондықтан да оны «Ұстаздардың ұстазы», жоғары сыныпты кәсіпқой деп атауға әбден болады.

Әдебиеттер тізімі:

1.Нурумжанова К.А. Методические руководства и описание учебных лабораторных работ по методике преподавания физики и ТШЭ: учебное пособие для студентов пед. спец. – Павлодар: ПГПИ, 2006. - 114 с.
2.Нурумжанова К.А. Гносеологические аспекты стратегии модернизации сельской школы в Казахстане: монография / К.А. Нурумжанова, Г.К. Ахметова. – Павлодар: ПГПИ, 2008. - 160 с.
3.Нурумжанова К.А. Методические руководства и описания учебных лабораторных работ по МПФ и ТШЭ: учебное пособие для студентов. – Павлодар: ПГПИ, 2009. - 114 с.
4.Нурумжанова К.А., Смагулова Г.Ш. Методические указания к лабораторным занятиям по методике преподавания физики: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2009. – 134 с.

***

1.Нурумжанова К.А. Повышение педагогического мастерства // Қазақстан мектебі - Школа Казахстана. – 1983. - № 3. - С. 49 - 50
2.Нурумжанова К.А. Модель сельской дифференцированной личностно - ориентированной школы // Вестник Павлодарского университета. – 2001. - № 3. - С. 40 – 59
3.Нурумжанова К.А. Проблемы социально-педагогического обоснования системы воспитания в сельской школе // Вестник Евразийского национального университета. – 2003.- № 3. - С. 212 - 217
4.Нұрымжанова К.А., Бәстенова С.Қ. Бүгінгі күн талаптарына сай үздіксіз білім беру // Қазақстан Педагогикалық хабаршысы. – 2004. - № 2. - 50 - 55 бб.
5.Нурумжанова К.А. Модель сельской дифференцированной личностно - ориентированной школы // Вестник Павлодарского университета. - 2004. - № 3. - С. 40 – 59
6.Нурумжанова К.А. Моделирование системы повышения квалификации педагогических кадров // Педагогический вестник Казахстана. – 2005. - № 1. - С. 58 - 63
7.Нурумжанова К.А. Из опыта моделирования школы сельскохозяйственного профиля // Вестник университета «Кайнар». Серия педагогические науки. – 2006. - №2. - С. 80 – 84
8.Нурумжанова К.А. Проблемы становления и развития инновационной культуры управления сельской школой // Менеджмент в образовании. – 2006. - № 2. - С. 156-160
9.Нурумжанова К.А. Концепция моделирования современной личностно-ориентированной сельской школы // Вестник КазНУ. Серия педагогическая. – 2008. - №1 (17). - С. 9 - 14
10.Нурумжанова К.А. Проблемы формирования инновационных стратегий развития сельской школы Казахстана // Творческая педагогика. – 2008.- № 3. - C. 61 - 71.
11.Нурумжанова К.А. Проблемы формирования инновационных стратегий развития сельской школы Казахстана // Қарағанды университетінің хабаршысы. - 2009. - № 2. - C. 117 - 121