Өтепова Гүлфира Елубайқызы

1963 жылғы 24 мамырда Павлодар облысының Қашыр ауылында дүниеге келді

Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының докторы

Білімі: С.М. Киров атындағы Қаз МУ (қазіргі Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ)

1980 жылы Гүлфира Елубаевна №11 Павлодар орта мектебін алтын медалмен бітірді. Айтуынша, мамандығын таңдауға тарих мұғалімі Г.М.Свидерская үлкен әсер етті. Ұстазының жетекшілігімен Гүлфира туған өлкесінің тарихын зерделеу бойынша мектеп үйірмесін басқаруды бастады. Сондықтан мектепті бітірген соң С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскені де таң қаларлық емес. Осы уақыттан бастап тарих ғылымының шыңына шығу кезеңі басталады.

1985 жылы Г.Е. Өтепова «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша университетті үздік бітірді. Алдында таңдау тұрды: аспирантураға түсу немесе туған қаласында еңбек етуді бастау. Таңдау туған қаласының және практикалық қызметінің пайдасына болды. Өзінің еңбек жолын Гүлфира Елубайқызы Павлодар индустриалды институтының (ПИИ) КПСС тарихы кафедрасында бастады және көп жылдарға тағдырын осы жоғары оқу орнына арнады.

90-шы жылдары Гүлфира Елубайқызы Павлодар университетінің (ПаУ) қоғамдық ғылымдардың аға оқытушысы болып жемісті еңбек етті. 2000-шы жылдардың басында Қазақ мемлекеттік заң университетінің Павлодар филиалы директорының орынбасары болды. 2002-2003 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аспирантурасын басқарды.

2004 жылдан бастап - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында (қазіргі ПМПУ). Көп жылдық оқытушылық және әкімшілік қызметі, практикалық жұмыс тәжірибесі қосымша білім беруде, педагог шеберлігін ажарлауға көмектесті. Бүкіл жинаған тәжірибесін қайта құрылған педагогикалық жоғары оқу орнының беделін жаңадан қалыптастыруға пайдаланды. Г.Е. Өтепова он жылға жуық ПМПУ экономика, құқық және философия кафедрасын басқарды.

Гүлфира Елубайқызы педагогикалық қызметімен қатар Мәскеу, Алматы, Омбы, Өскемен қалаларында ғылыми тағылымдамалардан өтті, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты, еңбекті көп керек ететін зерттеу жұмысын жүргізді. 2000-шы жылдардың басында Г.Е. Өтепова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ізденушісі болды.

2003 жылы Г.Е. Өтепова 07.00.02 - отан тарихы мамандығы бойынша тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Үш жылдан кейін - 2006 жылы КР БжҒМ ғылым және білім беруді аттестаттау және қадағалау жөніндегі комитеті доцент ғылыми атағын берді.

2009 жылғы қазан айында т.ғ.д., профессор Қ.М. Атабаевтың жетекшілігімен Г.Е. Өтепова 07.00.09 - тарихнама, тарихтану және тарихи зерттеулер әдістері мамандығы бойынша «Законодательные акты Российской империи как исторический источник по колониальной истории Казахстана XVIII - начала XX века» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Зерттеу тақырыбы бойынша 80 жуық жұмыс жариялады, монография шығарды.

Гүлфира Елубайқызы Өтепованың есімі тарихшыларға жақсы танымал. Оның баяндамалары жетекші ғылыми журналдардың беттерінде, Қазақстан, Ресей, Болгария, Чехияның халықаралық конференциялары жинақтарында тұрарлық орынға ие. 2011 жылы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) Ресей тарихы кафедрасында тәжірибе алмасу бойынша жұмыс істеді. А.С. Мұсағалиева, А.С. Ысқақ, Б.Ж. Әбжапарова, Г.С. Жүтенбаевалардың докторлық диссертацияларын, сонымен қатар И.Б. Медешева мен О.К. Шарияздановтың кандидаттық диссертацияларын қорғауларында оппонент болды. Ресей әріптестері оның ғылыми қызметін жоғары бағалады: тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Е. Бекмаханова және РФ еңбегі сіңірген ғылым қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.М. Козьменко.

Жылдан жылға профессор Өтепованың педагогикалық әдістемелік шеберлігі ұлғаюда. Ол оқу үдерісіне тарих факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған бірнеше арнайы курстарды әзірлеп, енгізді. Олардың ішінде, «Заң актілерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері», «Қазақстанды отарлаудың саяси құқықтық аспектілері», Қазақстан тарихы бойынша мультимедиялық дәрістік курс. Оқу үдерісінде студенттер тарих пәндері бойынша дипломдық, курстық жұмыстарды, рефераттарды жазу бойынша көптеген әдістемелік ұсынымдарды пайдаланады. 2010 жылы Г.Е. Өтепова «Бакалавриат және магистрлік дайындықтың білім беру бағдарламаларын оқу әдістемелік қамтамсыз ету» номинациясының оқу-әдістемелік жобаларының ЖОО - ішілік конкурсы жеңімпазы атанды. Оның жетекшілігімен магистрлік жұмыстар орындалды, студенттер мен магистранттар ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады, студенттік конкурстарда және әртүрлі деңгейдегі конференцияларда жүлделі орындарды алады.

Жылдан жылға профессор Өтепованың педагогикалық әдістемелік шеберлігі ұлғаюда. Ол оқу үдерісіне тарих факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған бірнеше арнайы курстарды әзірлеп, енгізді. Олардың ішінде, «Заң актілерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері», «Қазақстанды отарлаудың саяси құқықтық аспектілері», Қазақстан тарихы бойынша мультимедиялық дәрістік курс. Оқу үдерісінде студенттер тарих пәндері бойынша дипломдық, курстық жұмыстарды, рефераттарды жазу бойынша көптеген әдістемелік ұсынымдарды пайдаланады. 2010 жылы Г.Е. Өтепова «Бакалавриат және магистрлік дайындықтың білім беру бағдарламаларын оқу әдістемелік қамтамасыз ету» номинациясының оқу-әдістемелік жобаларының жооішілік конкурсы жеңімпазы атанды. Оның жетекшілігімен магистрлік жұмыстар орындалды, студенттер мен магистранттар ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады, студенттік конкурстарда және әртүрлі деңгейдегі конференцияларда жүлделі орындарды алады.

Гүлфира Елубайқызы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыспай ғана ПМПУ, ғылыми қоғамдастықтың, елдің қоғамдық-саяси өмірінің оқиғаларына, үнемі назар аударады. Өзін ұйымдастырушы, басшы, насихаттаушы, тәрбиеші және тәлімгер ретінде көрсетеді. Профессор Өтепова интерактивті режимде мектеп мұғалімдері үшін сабақ өткізеді. Оның жұрт алдында сөз сөйлеуі және дәрістері қызықты, мазмұнды, қол жетімді, қоғамдастықты белсенді өмірлік беталысты алуға шақырады, өз мемлекетінің тағдыры үшін жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелейді.

2011 жылы білім беруді дамытуға үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Гүлфира Елубайқызы Қазақстан Республикасының халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері болып табылады. ПМПУ 50 жылдығының құрметіне ЖОО басшылығы еңбегін жоғары бағалады - мерейтой медалімен марапатталды.

2012 жылы Гүлфира Елубайқызы ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі болды. 2013 жылы ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруын ұтып алған ғылыми жобаны басқарды. Бұл Ресей империясының заң дереккөздері бойынша Қазақстан тарихын ғылыми зерттеулерін сәтті және жемісті жалғастыруға мүмкіндік береді.

Кафедрадағы және Алтай педагогикалық академиясының әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан тарихы және Батыс Сібір тарихы бойынша құжаттар жинағын шығаруға дайындауда. Алда үлкен және ауыр міндет бар - кең оқырман қауымына арналған зерттеу тақырыбы бойынша барлық жиналған заң актілерін жариялау.

Әдебиеттер тізімі:

1.Отепова Г.Е. Политические процессы на территории Казахстана в начале XX века (на примере партии «Уш жуз»): учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2005. - 88 с.
2.Методические указания к выполнению контрольных работ по дисциплине «История Казахстана» для студентов неисторических специальностей заочной формы обучения: методические указания. - Павлодар: ПГПИ, 2005. - 30 с.
3.Отепова Г.Е. Курс лекций по политологии: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2008. - 94 с.
4.Отепова Г.Е. История Казахстана на страницах полного собрания законов Российской империи: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2009. - 169 с.
5.Отепова Г.Е. Хронологический указатель законодательных актов Российской империи по истории Казахстана XVIII - начала XX в.: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2009. - 168 с.
6.Отепова Г.Е. Теоретико-методологические аспекты изучения законодательных актов: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2011. - 182 с.
7.Отепова Г.Е. Правовые основы колонизации Казахстана: учебное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2012. - 229 с.
8.Отепова Г.Е. Хронологический указатель законодательных актов Российской империи по истории Казахстана XVIII - начала XX в.в.: учебно-справочное пособие. - Павлодар: ПГПИ, 2012. - 161 с.
9.Өтепова Г.Е. Саясаттану бойынша дәрістер курсы: оку құралы / Өтепова Г.Е., Қасымова А.Қ. - Павлодар: ПМПИ. - 2012. - 80 бет.

***

1.Прогрессивно-демократические идеи на страницах газеты «Алаш» // Өлкетану = Краеведение. - 2001. - №4. - С. 80- 90
2.Прогрессивно-просветительские идеи в творчестве К. Тогусова // Отан тарихы = Отечественная история. - 2001. - №4. - С. 110-116.
3.Вопросы историографии деятельности партии «Уш жуз» // Вопросы истории Казахстана: материалы научной конференции молодых учёных Института истории и этнологии им. Ч. Валиханова МОН РК, посвящённой 10-летию независимости Республики Казахстан. 20 декабря 2001 г. - Алматы, 2002. - С. 147-158.
4.Историческая роль К.Тогусова в демократическом движении Казахстана // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабаршысы = Вестник Национальной Академии наук Республики Казахстан. - 2003. - №3. - С.79-83.
5.Из истории идейно-политической борьбы в Казахстане: деятельность партии «Уш жуз» // Вестник ПГУ им. С. Торайгырова. - 2005. - №3. - С. 67-78.
6.Президент Республики Казахстан - символ и гарант Конституции // Материалы республиканской научно-практической конференции «Вклад первого Президента Н.А. Назарбаева в становление государственности, суверенитета РК». - Павлодар: ПГПИ, 2005. - С. 21-30.
7.Особенности законодательных актов Российской империи XVIII-начала XX веков // Олкетану = Краеведение - 2007. - №4. - С. 73-77.
8.Полное собрание законов Российской империи как исторический источник по истории Казахстана XVIII-начала XX века // Вестник Евразийского Национального Университета им. Л.Гумилева. - 2007. - №5. - С. 91-96.
9.Вопросы ислама в законодательных источниках Российской империи XVIII - начала XX века // ПМУ хабаршысы = Вестник ПГУ им. С. Торайгырова. - 2008. - №3. - С. 101-112. - (Серия гуманитарная).
10.Законодательные источники XVIII - начала XX века по вопросу духовной колонизации казахского народа // Хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік гылымдар» сершісы = Вестник КазНПУ им. Абая. - 2008. - №4. - С. 22-26. - (Серия «Исторические и социально-политические науки).
11.Казахстан в системе государственного управления Российской империи // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. - 2008. - №1. - С. 108-112. - (Серия историческая).
12.Қазақстан тарихының отаршылдығы бойынша Ресей империясының заңнамалық актілері тарихи қайнар көзі ретінде // «XII Сәтбаев оқулары» Жас ғалымдар, студенттер мен мектеп окушыларының халықаралық ғылыми конференциясының материалдары = Материалы международной научной конференции молодых ученых, студентов и школьников «XII Сатпаевские чтения». - Павлодар: ПГУ, 2012. - Т.9. - С.246-251.