1971 жылғы 10 қаңтарда Павлодар облысы Қашыр ауданы Байқоныс савхозында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы
Білімі: 1994 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді.
Машиналар және қысым астында металдарды өңдеу технологиясы мамандығы бойынша инженер – механик біліктілігін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1994 жылы алған соң еңбек жолын құю өндірісі және қысым астында металлдарды өңдеу кафедрасының ассистенті ретінде бастады. 2002 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жанындағы К14.17.02 диссертациялық кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Бүгінде Нұргүл Темірғалиқызының 80 ғылыми еңбектері бар. Солардың ішінде: ҚР БҒМ ұсынған 1 оқулық, 3 монография (LAP баспасы, Lambert Academic Publishing, Германия), шетелдік баспаларда жарияланған 15 ғылыми еңбектері, соның 4 мақаласы Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасындағы (ISIwebofKnowledge, Thomson Reuters) халықаралық ғылыми журналында жарық көрді; 12 патент және Комитетпен ұсынылған басылымдарда 25 мақалалары жарияланған.
Кандидаттық диссертациясын қорғаған соң ол жоғары білімнен кейінгі білім беру және ғылым департаментінің біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
Оның басшылығымен материалдарды механикалық және физика – техникалық өңдеу технологиялары мен жабдықтар мәселелері бойынша 2 кандидаттық диссертация қорғады.
Білім беру және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және РФ «Заслуженный деятель науки и образования» атағымен марапатталды.
Халықаралық «Science» ғылыми электронды журналының редакциялық кеңесі құрамына кірді. Бүгінгі таңда Нұргүл Темірғалиқызы «The Name in Science» Кавалері атағының және «Әлем ғылымына қосқан үлесі үшін» ордендік белгісінің иегері. Ал Еуропалық ғылыми - өнеркәсіптік консорциумының марапаттар жөніндегі департаменті Н.Т. Смайлованы әлем ғылым қауымдастығы алдындағы техника ғылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін «Вильгельм Лейбниц» медалімен марапаттады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері.
2018 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультетін басқарды.
Әдебиеттер тізімі:
1.Смайлова Н.Т. Основы взаимозаменяемости и технических измерений: учебник.– Астана: Арман-ПВ, 2012.– 282 с.
2.Технология ковки в инструменте с изменяющейся формой: монография/ Смайлова Н.Т., Машеков С.А., Нуртазаев А.Е.- Издательство «LAP Lambert Academic Publishing», 06.08.2012. – 664с.
3.Проблемы ковки титановых сплавов и их решения. Часть 1: монография / Машеков С.А., Смайлова Н.Т., Машекова А.С. и др. – Издательство «LAP Lambert Academic Publishing», 18.10.2013. – 238с.
4.Проблемы ковки титановых сплавов и их решения. Часть 2: монография / Машеков С.А., Смайлова Н.Т., Машекова А.С. и др. – Издательство «LAP Lambert Academic Publishing», 21.10.2013. – 380с.