Суюнова Гульнара Сейльбековна

1961 жылғы 1 қаңтарда Павлодар облысының Ермак қаласында (қазіргі Ақсу) дүниеге келді.

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы

Білімі: 1981 жылы Павлодар педагогикалық институтының (қазіргі ПМПУ) филология факультетін бітірді.

1977 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 жылы Павлодар педагогикалық институтының (қазіргі ПМПУ) филология факультетіне түсіп, 1981 жылы үздік дипломмен бітірді. 1982 жылы тамыз айында осы институттың орыс тілі кафедрасында лаборант болып еңбек жолын бастады. 1987 жылы осы кафедрада оқытушы қызметіне ауыстырылды.

1992 – 1995 жж. Абай атындағы АМУ аспирантурасында оқыды, 1996 жылғы қаңтар айында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2001 жылы ЖАК шешімімен оған 10.02.00 – мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

2010 жылы Гульнара Сейльбековна филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады, 2017 жылы оған ҚР БжҒМ БҒСБК профессоры атағы берілді.

Жалпы еңбек өтілі 37 жыл, оның ішінде 30 жылдан астам ғылым және педагогика саласында еңбек етті. ЖОО кафедра зертханашысынан кафедра меңгерушісіне және кафедра профессорына дейін өсті. Оқу үдерісінде жазып шығарған практикалық орыс тілі, морфемика және сөз жасам, орыс тілінің морфологиясы бойынша оқу құралдары, этникааралық коммуникация мәселелері бойынша монографиясы пайдаланылады. Белсенді түрде ғылыми – зерттеу қызметімен айналысады. Оның 160 – қа жуық жарияланымы, оның ішінде 4 монография, 5 оқу құралы, көптеген баяндамалар мен отандық және шетелдік басылымдардағы мақалалары бар.

Соңғы жылдары профессор қазақстандық русистикадағы жаңа ғылыми бағыт – лингвистикалық урбанистика, Павлодардың жалпы мәдени ланшафтын талдаумен айналысады. Республикада оның «Урбонимическая система Павлодара: опыт предварительного исследования» (2018 ж.) кітабына ұқсас басылымдар жоқ.

ЖОО жұмыс жасап жүрген жылдары көп мәрте грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Оның есімі «Известные женщины Павлодарского Прииртышья» облыстық кітабына енгізілді. 2011 жылы ол Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясының толық академигі болып сайланды, 2011 жылғы желтоқсан айында оған «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері» атағы берілді. 2017 жылы ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2017» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1.Суюнова Г.С., Кенжебалина Г.Н. Павлодарское Прииртышье: сборник текстов и заданий по практическому курсу русского языка: учеб. пособие для студентов неязыковых факультетов. - Павлодар, 2000. - 37 с.
2.Суюнова Г.С. Сопоставительная типология в таблицах и тестах: учебное пособие для студентов фил. факультетов. - Павлодар, 2001. - 85 с.
3.Суюнова Г.С., Кенжебалина Г.Н. Морфемика и словообразование русского языка: учебное пособие. - Павлодар, 2003. - 104 с.
4.Суюнова Г.С., Кенжебалина Г.Н. Современный русский язык. Морфология. - Ч.1: учебное пособие. - Павлодар, 2003. - 125 с.
5.Суюнова Г.С. Теоретические основы межэтнической коммуникации: монография. - Павлодар, 2007. - 167 с.
6.Суюнова Г.С. Формы и методы работы по внедрению полиязычия на занятиях по русскому языку: Пути внедрения полиязычного образования в средних общеобразовательных школах Республики Казахстан: учеб. - метод. пособие для рук. средних школ и учителей. - Павлодар, 2008. - 24-31 с.

***

1.Суюнова Г.С. Спецкурс по проблемам казахско - русского двуязычия // Русский язык и литература в казахской школе. - 1991. - № 7. - С. 15
2.Суюнова Г.С. Кто лучше знает государственный язык // Звезда Прииртышья. - 1998. - № 5. - С. 4
3.Суюнова Г.С. Центр изучения языков в Павлодарском госуниверситете // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия филологическая. - 1998. - №3. - С. 112 – 113
4.Суюнова Г.С., Кенжебалина Г.Н. К проблеме межэтнической коммуникации // Вестник ПГУ. Серия филологическая. - 2004. - № 1. - С. 70 – 75
5.Суюнова Г.С. Слово: история и современность // Педагогический вестник Казахстана. - 2005. - № 3-4. - С. 124 – 130
6.Суюнова Г.С. Дифференциальные признаки межэтнической коммуникации // Вестник КарГУ им. Букетова. Серия филологическая. - 2006. - № 1 (41). - С. 11 – 17
7.Суюнова Г.С. О влиянии статистических компонентов психологии нации на межэтническую коммуникацию // Вестник КазНПУ. - 2006. - № 4 (18). - С. 24 – 28
8.Суюнова Г.С. Толерантность как императив межэтнической коммуникации // Саясат - Policy. - 2006. - № 6. - С. 37 – 39
9.Суюнова Г.С. Влияние негативных этнических установок на выбор формы общения в межэтнической речевой коммуникации // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия филологическая. - 2007. - № 8 (107). - С. 99 – 102
10.Суюнова Гульнара Сейльбековна // Известные женщины Павлодарского Прииртышья. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007. - С. 288
11.Суюнова Г.С. Стиль общения в межэтнической коммуникации // Вестник ИнЕУ. - 2008. - № 1.- С. 65 - 68
12.Суюнова Г.С. Русский язык в межэтнической коммуникации в Казахстане // Русский язык и литература в Азербайджане. - 2009.- № 4. - С. 53-58
13.Суюнова Г.С. Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2009. - №12. - 18 – 20 б.