1972 жылғы 15 қыркүйекте Томск облысы, Каргасок ауданы, Старо-Югино ауылында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының докторы
Білімі: 1989 - 1994 жж. Томск мемлекеттік университеті, мамандығы: биолог, биология және химия пәнінің мұғалімі.
1995-1997 жж. - Семей педагогикалық институтының «Биология» кафедрасының оқытушысы.
1997-1998 жж. - «Семей» мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасының стажер-зерттеушісі.
1998-2001 жж. - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің химия кафедрасында 030016 Экология мамандығы бойынша күндізгі аспирантурада оқыды.
2002 - 2005 жж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Экология және география» кафедрасының аға оқытушы, доценті м.а.
2005-2007 жж. - Павлодар университетінің «Химия» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми хатшысы, кейін Инновациялық Еуразия университетінде қызмет етті.
2007-2011 жж. - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (қазіргі ПМПУ) ректор кеңесшісі, Химия кафедрасының доценті, ғылым департаментінің директоры.
2011-2015 жж. - Инновациялық Еуразия университетінің Инженерлік академиясының директоры, «Химия және металлургия» кафедрасының профессоры.
2016 - 2017 жылдар аралығында - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылым және инновация департаментінің директоры, «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.
2007 жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2013 жылы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015 жылы «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Свидерский А. К. Физико-химические основы создания алюмотермических композиционных материалов с использованием хромитового минерального сырья: автореф. дис. ... д-ра хим. наук: 02. 00. 04.Павлодарский гос. пед. ин-т.- Караганда, 2010.- 35 с.