1960 жылғы 19 тамызда Алтай өлкесі Борла ауданы Новобогатск селосында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы
Білімі: 1982 ж. - Павлодар педагогика институтының (қазіргі ПМПУ) филология факультетін үздік бітірді.
Зифа Қақбайқызы Темірғазина – филология ғылымдарының докторы, профессор. Алғашқы мамандығы – орыс тілінің семантикасы.
1960 жылдың 19 тамызында Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Борла ауданында дүниеге келді. 1977 жылы Павлодар қаласының № 7 орта мектебін бітірді. 1982 жылы Павлодар педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығын үздік бітірді.
1984 - 1987 жылдар аралығында Железинка орта мектебінде, Павлодар қаласының №17 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап Алматы қаласында Абай атындағы ҚазПИ жанындағы аспирантурада оқыды және 10.02.01 – орыс тілі мамандығы бойынша функционалдық синтаксис жөнінде кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғады. 1987 жылдан бастап Павлодар педагогика институтында, 1996 жылдан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Аттестаттау комиссиясында доцент ғылыми атағы берілді. 1999 жылы орыс филологиясы кафедрасының жанында «Оценочные высказывания в современном русском языке» тақырыбына 10.02.01 – орыс тілі мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
1999-2001 жылдары аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар университетінің тіл білімі ҒЗИ директоры қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап ПМПУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметін атқарады. Қазіргі уақытта ПМПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры болып қызмет атқарды.
2003 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Жоғары Аттестаттау комиссиясымен елеулі еңбегі мен белсенді ғылыми-зерттеу қызметі үшін профессор атағы берілді.
Ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысқан жылдарында 200-ге жуық еңбегі жарияланды. Оның ішінде 3 монография, 6 оқу құралы, 2010 жылы еңбектерінің екі томдық басылымы жарияланды. Кейбір басылымдары, оның ішінде магистратура үшін бірнеше мәрте шығарылды. 2015 жылы «Флинта» мәскеулік басылымы оның 4 оқу құралын жариялады: «Современные теории в отечественной и зарубежной лингвистике», «Оценочные высказывания в современном русском языке», «Образ человека в русской ценностной картине мира», «Лингвоэстетическая оценка внешнего облика человека в русской и казахской картинах мира» (М.К. Каировамен бірге). З.Қ.Темірғазинаның кітаптары Қазақстанның (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы АМУ, Солтүстік-Қазақстан университеті, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар университеті, ПМПИ және т.б.), сонымен қатар Ресейде: Омбы мемлекеттік университетінде, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде, Сургут мемлекеттік университетінде және т.б. университеттерде оқыту тәжірибесінде қолданылады.
Магистранттарға және докторларға «Философские проблемы языкознания», «Методологические основы, методы и приемы лингвистических исследований», «Лингвокультурология», «Лингвистическая прагматика», «Психолингвистика» және т.б. теориялық курстарды оқиды. Басқа елдердің университеттерінде шақыру бойынша дәрістер оқиды: Российском университете дружбы народов (РФ, Мәскеу қ.), Витебском государственном университете им. П. Машерова (Беларусь Республикасы).
Жұмыс уақытында ғылыми лингвистика мектебі құрылды, ғылыми жетекші ретінде жоғары білікті ғылыми кадрлар – көптеген оқушыларын дайындады: 1 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаттары, олардың 10 әртүрлі ресейлік ЖОО – да диссертация қорғады, сондай – ақ 30 аса филология магистрлерін дайындады.
2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін әртүрлі диссертациялық кеңестердің мүшесі: Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ.), Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 2006-2007 жж. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің филология және өнертану бойынша сараптамалық кеңесінің мүшесі болды. Кандидаттық және докторлық диссертациялар бойынша ресми оппонент.
Лингвистиканың өзекті мәселелеріне арналған әртүрлі ғылыми конференцияларды тұрақты ұйымдастырушысы, сонымен қатар 12 ғылыми жинақтардың жауапты редакторы болып табылады. Ресей ғалымдарымен белсенді әрі үнемі ғылыми байланыстарды қолдайды. 2013 – 2014 жылдары профессор Темірғазинаның редакциясымен үш халықаралық ұжымдық монография басылып шықты: «Гендерная лингвистика», «Лингвистическая аксиология», «Прагмалингвистика», Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия және Польша елдеріне 5 елдің ғалымдары қатысты. Олардың барлығы халықаралық ғылыми қауымдастықтан жоғары баға алды. Осылайшы, 2013 жылы «Филологические науки» №1 журналында (РФ, Мәскеу қ.), профессор В.П. Синячкин, Г.Т. Хухуни «Гендерная лингвистика» монографиясын жариялады.
Профессор З.К. Темірғазина мемлекеттік наградалармен марапатталды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымының дамуына қосқан үдесі үшін» төс белгісімен марапатталды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2013 жылы «Үздік оқытушы» атағын және ҚР БҒМ грантын алды. 2013 жылы Ресей Федерациясының Жаратылыстану ғылымдары академиясы «Основатель научной школы» құрметті атағын берді.
2018 жылдың қараша айында МАПРЯЛ (Халықаралық орыс тілі оқытушыларының қауымдастығы) профессор Темірғазинаны жоғары марапат А.С. Пушкин медалімен марапаттады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Темиргазина З.К. Избранные работы по лингвистике: в 2-х т.: Т.I. Лингвистическая аксиология: Оценочные высказывания в русском языке. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 310 с.
2.Темиргазина З.К. Избранные работы по лингвистике: в 2-х т.: Т.II. Лингвистическая аксиология. Прагматика. Психолингвистика. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 338 с.
3.Темиргазина З.К. Образ человека в русской ценностной картине мира: спецкурс для магистрантов языковых специальностей: учебное пособие. - Павлодар: ЭКО, 2002. - 92 с.
4.Темиргазина З.К. Оценочные высказывания в русском языке: монография. - Павлодар, 1999. - 272 с.
5.Темиргазина З.К. Синтаксис осложненного предложения: учебно-методическое пособие. - Павлодар, 1998. - 42 с.
8.Темиргазина З.К. Синтаксис сложного предложения: метод.указания к выполнению контр.работ студентов заочных отдлений. - Павлодар: ПГУ им.С.Торайгырова, 2000. - 32 с.
9.Темиргазина З.К. Современные теории в отечественной и зарубежной лингвистике: учебное пособие: курс лекций для магистрантов и студентов-филологов ст.курсов. - 3-е изд., доп. - Павлодар: ПГПИ, 2009. - 134 с.
10.Темиргазина З.К. Языковая концептуализация вкусов в русской картине мира (в сопоставлении с казахской и английской): монография. – Павлодар, 2009. - 34 с.
***
1.Темиргазина З.К. Механизмы смыслового и поверхностного синтаксирования в процессе порождения оценочных высказываний // Вестник КазГУ. Серия «Филологическая». - 1997. - №15. - С. 101-105
2.Темиргазина З.К. Предложение, высказывание, текст в аспекте прагматики // Вестник КазГУ. Серия «Филологическая». - 1998. - №21. - С.89-94
3.Темиргазина З.К. Функционально-семантический подход в преподавании синтаксиса // Русский язык и литература в казахской школе. - 1998. - №1. - С.19-24
4.Темиргазина З.К. Высказывание и речевой акт (типы оценочных актов) // Вестник КазГУ. Серия «Филологическая». - 1999. - №33. - С. 75-78
5.Темиргазина З.К. Когнитивная основа оценочных // Вестник КазГУ. Серия «Филологическая». - 1999. - №33. - С. 72-75
6.Темиргазина З.К. Русский речевой идеал: говорящий и слушающий // Вестник КазГУ. Серия «Филологическая». - 2001. - №17. - С.117-123
7.Темиргазина З.К. Отношение павлодарцев к идее равноценности языков и культур в контексте евразийства // Вестник ПаУ. - 2003. - №3(12). - С.323-325
8.Темиргазина З.К. Базовые вкусовые ощущения в русской языковой картине мира (пресный, соленый, пряный, острый) // Вестник КазНУ им.аль-Фараби. Серия филологическая. - Алматы, 2007. - №7(106). - С.162-165
9.Темиргазина З.К. Языковая концептуализация вкусового ощущения сладкий // Педагогический вестник Казахстана.- 2007.- №1 - С.5-9
10.Суюнова Г.С. Лингвистике повезло //Звезда Прииртышья. - 2010. - 19 августа. - С.8
11.Темиргазина Зифа Какбаевна // Павлодарское Прииртышье: энциклопедия. - Алматы: Эверо, 2003. - С.570
12.Темиргазина Зифа Какбаевна // Кто есть кто в Павлодарской области: Кн.1. - Павлодар: ЭКО, 2006 .- С.506
13.Темиргазина Зифа Какбаевна // Известные женщины Павлодарского Прииртышья. - Павлодар: ЭКО, 2007. - С.297