1970 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Елтай ауылында дүниеге келді.
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы
Білімі: 1992 жылы Павлодар педагогикалық институты дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтының аспирантурасында оқыды.
Жоғары аттестациялау комиссиясының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Амангелдіұлы Усин 1970 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Елтай ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Западный ауылының орта мектебін бітірді. Сол жылы Павлодар педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетіне оқуға түсті. 1992 жылы институтты бітіргеннен кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (қазіргі ПМПУ) көпшілік спорт түрлері кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 1994 жылы Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтының тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі болды, содан кейін 1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтының аспирантурасында оқыды.
1998 жылы 13.00.04 - «Теория и методика физического воспитания, спортивной тренировки, оздоровительной и адаптивной физической культуры» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады (Алматы қаласы).
1993-2003 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті болды.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялау комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілді, ПМУ көпшілік спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2006 жылы «Жоғары санаттағы жаттықтырушы» атағына иеленді.
2007 жылы Ж.А.Усин педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежені ізденушіге диссертациясын жақсы қорғады, Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялау комиссиясының шешімі бойынша Ж.А.Усинға педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
Ж.А.Усин оқытушы қызметін белсенді атқарады, дәрістер оқиды, орыс және мемлекеттік тілдерде "Таңдап алған спорт түрінде жетілу», «Спорт шеберлігін арттыру», «Жекпе-жек», «Таңдап алған спорт түріндегі техникалық және тактикалық дайындық негіздері», «Таңдап алған спорт түрінде дене, қызмет және психологиялық дайындық негіздері», «Спорттық-педагогикалық шеберліктің негізі» пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізеді, күндізгі және сырттай оқыту нысандары студенттерінің курстық, дипломдық және магистрлік жұмыстарына жетекшілік жасайды, кандидаттық және докторлық диссертацияларды жазуға көмектеседі.
Ж.А.Усин ҚазАСТ жанындағы 14.41.03 Диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады, 2007 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының мемлекеттік грантының иегері.
Жанат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының студенттік ойындарында Павлодар педагогикалық институтының намысын үздік қорғайтын спортшыларды дайындайды. Ол еркін және грек-рим стилінің білікті күресшілерін дайындайды, олардың ішінде спорт шеберлері де бар. 2004 жылдан бастап Павлодар облысының еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы болып табылады. Жоғары жаттықтырушылық санаты бар, сонымен қатар жоғары ұлттық санаттағы төреші болып келеді.
Жанат Амангелдіұлы оқытушы жұмысын белсенді спорт қызметімен үйлестіреді, қолданыстағы спортшы, еркін күрес бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болып табылады. Усин – Қазақстан Республикасының халықаралық кластағы спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Орта-Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Халықаралық турнирлердің және КСРО Чемпионатының жүлдегері, 2006 жылдың Әлем чемпионы.
50-ден астам басылымдары бар, оның ішінде қадағалау комитеті ұсынған журналдарда және шетел басылымдарында, сонымен қатар үш оқу құралы («Вектор вольной борьбы в системе подготовки борцов высокой квалификации», «Таңдап алған спорт түрінің негіздері», «Алгоритмы повышения спортивного мастерства борцов вольного стиля») және екі монографиясы шығарылды.
«Көпшілік спорт түрлері» кафедрасында жұмыс істеген кезінде Ж.А.Усин өзін оқу үдерісін білетін және сабақтарды ұйымдастыра алатын маман ретінде көрсетті. Оның жүктелген жұмысқа деген еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігі кафедраның бүкіл жұмысына әсер етеді. Ж.А.Усиннің сабақтары үдемелі әдістемелерді пайдаланумен өтеді. Студенттердің өздігінше білім алу қызметін қалыптастыруға үлкен көңіл бөледі, оған қоса, студенттердің алдына тек қана міндет қойылмай, сонымен бірге оқу материалын талдау үдерісінде осы мәселені шешудің нақты жолдары ашылады. Ол, үнемі өзінің спорттық және педагогикалық шеберлігін арттырады. Сабақтарда заманауи оқытушының үлгісін көрсетеді. Оның сабақтары жаңалықтарымен ерекшеленеді, сондықтан студенттер сабаққа қызығушылықпен және үлкен ықыласпен қатысады.
2009 жылы «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканы болып тағайындалды.
2009 жылы Қазақстан Республикасының жоғары аттестациялау комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
Үздік отағасы: үш қыз бала тәрбиелеп отыр.
Әдебиеттер тізімі:
1.Усин Ж.А. Средства спортивных единоборств в повышении основополагающих физических качеств борцов вольного стиля: учебное пособие. - Павлодар: НПФ ЭКО, 2000. - 92 с.
2.Усин Ж.А. Алгоритмы повышения спортивного мастерства борцов вольного стиля: монография. - Павлодар: ПГПИ, 2005. - 154 с.
3.Усин Ж.А. Әр жылдар естеліктері. - Павлодар: НПФ ЭКО, 2005. - 84б.
4.Усин Ж.А. Фрагменты развития спортивной борьбы в Павлодарском Прииртышье: монография. - Павлодар: ТОО НПФ ЭКО, 2007. - 154 с.
5.Усин Ж.А. Вектор вольной борьбы в системе подготовки борцов высокой квалификации: учебное пособие. - Павлодар: НПФ ЭКО, 2008. - 240 с.
6.Усин Ж.А. Таңдап алған спорт түрінің негіздері: оқу құралы. - Павлодар: ПМПИ, 2008.- 56б.
***
1.Усин Ж.А. Значимость самоконтроля в повышении профессионального физкультурного образования и спортивного мастерства // Вестник ПГУ. - 2001. - №1 – С.153-159
2.Усин Ж.А. Социально-культурная значимость спорта высших достижений в формировании человека и общества // Вестник ПГУ. - 2003. - № 4. - С.334-340
3.Усин Ж.А. Повышение спортивного мастерства спортсменов через оздоровительный эффект // Педагогический вестник Казахстана. - 2004. - № 2. - С.156-161
4.Усин Ж.А., Бородихин В.А. С.Торайғыров атындағы ПМУ көпшілік разрядтағы спортшыларды дайындауда қолданылмаған резервтер // Вестник ПГУ.- 2004. - №1. - С.126-132
5.Усин Ж.А. Инновационно-творческая технология здоровьесберегающей системы физического воспитания и спорте учащихся средней и высшей школы // Бастауыш мектеп. - 2006. - №12. - С.32-36
6.Усин Ж.А. Алгоритмы в системе физического воспитания // Вестник «Кайнар». - 2006. - №3 (2). - С.99-103
7.Усин Ж.А. Характеристика зарождения и зависимость алгоритмов в системе физического воспитания и спорта // «Білім-Образование». - 2007. -№1 (31). - С.97-100
8.Қанат Г. Бәсеке беделін түсірмейік // Спорт & KZ. - 2004. - 30 қараша. - 6 б.
9.Аймағанбетов А. Ардагерлер арасында әлем чемпионы // Сарыарқа самалы. - 2006. - 21 қыркүйек. - 5 б.
10.Соколова Л. Мал золотник, да дорог // Версия. - 2004. - 5 ноября. - С.5
11.Меньшикова Ю. Чемпион мира по вольной борьбе // Ұстаздар газеті.-2006.-1 октября.- С.3.