Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

1899 жылғы 12 сәуірде Ақкелін болысының №4 ауылында, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Теңдік ауылында дүниеге келді.

Ғылыми дәрежесі: геология – минералогия ғылымдарының докторы

Білімі: 1926 жылы Томск технологиялық институтының кен факультетін бітірді

Баянауыл жері қай заманда да дарынды адамдарға кенде болмаған. Кітап беттерінен сіз бұл жерде болған аңызға айналған оқиғалар жайындағы ақпаратпен таныса аласыз. Киелі Баянауыл өлкесінде көптеген танымал ғалымдар мен ақындар, жазушылар мен әншілер, тарихи тұлғалар – сұлтандар, билер, батырлар мен мемлекеттік қайраткерлер дүниеге келген. Бір ғана Баянауылдан шыққан ондаған академик – Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелері – корреспонденттер – Әлкей Марғұлан, Шапық Шөкин, Ермахан Бекмаханов сынды ерекше тұлғалар кез келген мемлекеттің мақтанышы болуға лайық ғалымдар. Жұртшылық мақтанышы болып, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын адамдардың бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Сәтбаев 1899 жылғы 12 сәуір күні Ақкелін болысының №4 ауылында, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Теңдік ауылында болыс биі Имантай мен жары Әлиманың отбасында дүниеге келді. Нәрестенің есімін Ғабдул – Ғани деп қойған болатын. Анасы Әлима оны еркелетіп «Ғаниым, Ғанышым» деп атаған.

10 жасынан 13 жасына дейін Қаныш ауыл мектебінде оқып, бастауыш білім алған. Кейін Павлодардың орыс – қазақ училищесін үздік бітіріп, әкесінің еркіне қарсы шығып, Семейге семинарияда білім алу мақсатымен барған.

Бұл уақытта оның денсаулығы бұзылған болатын: Қаныш Сәтбаев туберкулезге шалдығып, білім алу қиындап кетті, алайда, ол күш – жігерінің арқасында барлық емтихандарды экстернмен тапсырып, 1918 жылы мұғалімдер семинариясын үздік бітірген. Кейін өздігінен білім алып, Семейде жаратылыстану мұғалімі болып қызмет еткен.

Денсаулық жағдайы оқуды және қызметін қиындатты. Уақыт ара Қаныш туған ауылына оралып, қымызбен емдеу курсынан өтті. Осы уақытта ол қазақ мектеп оқушыларына арналған алгебра бойынша оқулық жазды. Жұмысты 1924 жылы аяқтады. Бұл қазақ тілінде жазылған осындай алғашқы оқулық болатын.

Дәрігерлердің болжамы жағымсыз болғанына қарамастан, олар оқу мен жұмысты тастауға ұсыныс бергенімен Сәтбаев 1920 жылы Қазақ мәдени – ағарту бөлімінің Баянауылдан шыққан тұңғыш төрағасы және тарихтағы тұңғыш Баянауылда жаңа құрылған учаскенің халық судьясы болды.

Емдеу курсынан өткен кезде Қаныш геолог Усовпен танысқан, ол да 1921 жылы Баянауылға ем алу мақсатымен келген. Усовпен араласқан кезде жас ғалым геологиямен әуестене бастады, ол судья қызметінен кетіп, Томск технологиялық институтының кен факультетіне геологиялық барлау бөліміне оқуға түсті. Ауыр сырқатына қарастан Сәтбаев 1926 жылы институтты тәмамдады.

Студенттік шағында Сәтбаевтың ғылыми – инженерлік дүниетанымы қалыптаса бастады. Оның көп қырлы тұлғасының қалыптасуына ұстаздары – М.А.Усов және В.А.Обручев академиктермен қатар Шоқан Уалиханов пен Абай үлес қосты.

Көптеген жылдар бойы Сәтбаевқа ерекше назар аударылды: ол бірнеше мәрте мемлекет пен республиканың Жоғары Кеңестеріне депутат болып сайланды, жоғары наградалармен (төрт рет Ленин орденімен) марапатталды, оған Ленин және Мемлекеттік сыйлықтар берілді, Кеңес және Қазақ ҒА толық мүшесі, Кеңес пен әлемнің көптеген қоғамдық ұйымдарының мүшесі болып сайланды.

Бірақ 50 – ші жылдары Қаныш Имантайұлы партияға кірген кезде шыққан тегін жасырғаны үшін репрессияға ұшырады.

Сәтбаев 1964 жылғы 31 қаңтар күні 65 жасында мәскеулік ауруханада қайтыс болды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі геологиялық зерттеулердің және Қазақстан жер қойнауының байлықтарын ашу тарихымен байланысты.

Сәтбаевтың басшылығымен 30 – жылдардың соңында Жезқазған жер қойнауында кен қоры табылып, ол Кеңес қазба орындарының ішінде бірінші орынға шықты. Жас инженер – геолог Қаныш Сәтбаев көптеген жылдар бойы Жезқазған – Ұлытау ауданында кешенді геологиялық қызметті басқарды.

Оның Ұлы Отан соғысы жылдарында қосқан үлесін ерекше атап өту қажет. Ел үшін қиын – қыстау кезеңде Сәтбаев КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалын басқарды. Сәтбаевтың басшылығымен соғыс жылдары геологтар шешкен маңызды мәселелердің арасында майданды металмен, көмірмен, мұнаймен үздіксіз қамтамасыз ету болды.

Сәтбаевтың ерекше жетістіктерінің бірі – «қазақстандық геологтар мектебін» құру. Қазақстанның жас ғылым академиясы дамыды. Ғылыми кадрлар қалыптасты. Сәтбаев дарынды жастарды қолдап, дамуларына септігін тигізді. Манғышлақ түбегінің табиғи ресурстарын кешенді зерттеумен, көмір, мұнай, газ, қара металлургия кендерін зерттеумен өзі айналысты, Ертіс – Қарағанды каналын салуға белсенді түрде қолдау көрсетті.

Сәтбаевтың көптеген еңбектері бар. Ол 800 – ден аса қазақ, орыс, қытай, араб, ағылшын және басқа да тілдерде жарық көрген баспа жұмыстарының авторы.

Қ.И. Сәтбаев қызығушылықтарының диапазоны кең болды және жаратылыстану ғылымдарының шегінен шықты. Ол қазақ тарихын, әдебиетін, мәдениетін, этнографиясын, музыкасын және фольклорын жетік білді, оның Орталық Қазақстан жеріндегі археологиялық ізденістері, педагогика және әдебиет бойынша еңбектері де баршаға белгілі. Ол М.Әуезовтың «Абай жолы» романын алғашқылардың бірі болып бағалады, фольклор жинаушы А.Затаевичке 25 халық әнін табыстады, театр, өнер, мәдениет, жастарды тәрбиелеу туралы еңбектер жазды.

Бүгінгі таңда біртуар ғалым, елінің нағыз патриоты Қаныш Имантайұлының есімімен ғаламшар, Қарағанды облысындағы қала, Қазақ ұлттық техникалық университеті, минералдың, мұздықтың және тау шыңының, көшелердің, Қазақстанның өндіріс орындары мен мекемелерінің атаулары аталған, Сәтбаев атындағы Халықаралық қор жұмыс істеуде, оның атымен сыйлықтар мен шәкіртақылар тағайындалған. 100 – жылдық мерейтойында ЮНЕСКО-ның шешімімен 1999 жыл Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жылы деп жарияланды.

Туған жерінде ұлы жерлесін есте сақтап, құрмет көрсетуде. Павлодар облысында ауыл, көше, мектеп академиктің есімімен аталған, оның ескерткіштері мен мүсіндері көп, жыл сайын «Сәтбаев оқулары» ғылыми конференциялары өткізіледі, оларға жас ғалымдар, студенттер және мектеп оқушылары қатысады.

С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханада «Қаныш Сәтпаев атындағы зал» жұмыс істейді, мұнда Қаныш Имантайұлының өмірі мен қызметі туралы құжаттар мен материалдар жиналған.

Әдебиеттер тізімі:

1.Академик К. И. Сатпаев: из писем и заметок / предисл., сост., коммент. Г. О. Батырбекова. - Алматы: Атамұра, 1998.- 160 с.
2.Академик К. И. Сатпаев: сборник, посвященный памяти выдающегося советского ученого. - Алма-Ата, 1965.- 264 с.
3.Сарсеке М. Планета Сатпаева: роман-эссе.- 3-е изд., доп.- Алматы: Љнер, 2002.- 688 с.
4.Сарсеке М. Сатпаев. - М.: Молодая гвардия, 1980.- 314 с.
5.Каныш Сатпаев: энциклопедия / гл. ред. Б. О. Жакып.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 616 с.
6.Сатпаев К.И. Избранные статьи о науке и культуре.- Алма-Ата: Наука КазССР, 1989.- 440 с.

***

1.Аяпбергенов Б.К. Қаныш аға осындай еді..: (12 сәуір - Қ.И.Сәтбаевтың туған күні) // Сарыарқа самалы. - 2015. - 14 сәуір. - 4 - 5 б.
2.Әбені Қайрат. Тағылым ордасы: (Қаныш Сәтбаев мұражайына 40 жыл) // Сарыарқа самалы. - 2007. - 13 наурыз. - 4 б.
3.Әміре Фархат. Рухани құндылық - ұлт қуаты: (Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының және Мұса мырза атындағы мешіттің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты) // Сарыарқа самалы. - 2013. - 24 қыркүйек. - 1, 3 б.
4.Баязитов Сүлеймен. Кемеңгер: [Қаныш Сәтбаев жайлы] // Сарыарқа самалы. - 2007. – 12 сәуір. - 10 б.
5.Қаныш берген қарындаш: [Ақселеу Сейдімбеков естелігінен] / Қ.Сәтбаев мемориалдық мұражайы архивінен, Баянауыл ауданы // Сарыарқа самалы. - 2018. - 20 қазан. - 6 б.
6.Молдайып Сая. Қаныштың жейдесі: (Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі тағы бір жәдігермен толықты) // Сарыарқа самалы. - 2015. - 20 маусым. - 12 б.
7.Молдайып Сая. Тұлғаға тағзым: (Қаныш Сәтбаев жайлы естеліктер) // Сарыарқа самалы. - 2018. - 3 ақпан. - 12 б.
8.Мұхитұлы Қуаныш. Даланың дара перзенті: [Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайлы] // Сарыарқа самалы. - 2011. - 12 сәуір. - 6 б.
9.Сүйіндіков Мерхат. Сәтбаевтар шапағаты: (Қаныш Сәтбаев жайлы) // Сарыарқа самалы. - 2014. - 19 шілде. - 4 б.
10.Байдилов Бейбут. Наш Сатпаев: [о Каныше Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2000. - 5 сентября. - С. 3
11.Бакенов М. Звездная личность нации и эпохи: [публикации о Каныше Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2010.- 10 апр. - С 3,4,5,8
12.Бакенов М. На таких земля держится..: [О Каныше Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2010. - 8 апр. - С. 3
13.Грищенко Екатерина. Здесь память о нем никогда не умрет: [О Каныше Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2010.- 13 апр. - С. 12
14.Коныр Т. Наш Каныш: (О новой книге М.Сарсеке о К.И.Сатпаеве) // Звезда Прииртышья. - 2000. - 30 нояб. - С.17
15.Сагитова А. Достоин великого Каныша: [о Каныше Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2010. - 13 апреля. - С. 1 - 2
16.Салыков Какимбек. Памятник россиян К.И. Сатпаеву: [к 100-летию академика К.И. Сатпаева] // Звезда Прииртышья. - 2000. - 7 ноября. - С. 7
17.Брусиловская Елена. «Время роз» академика Сатпаева: [Таисия Алексеевна Сатпаева – жена талантливейшего ученого К. И. Сатпаева занимает особое место в истории Казахстана] // Казахстанская правда. - 2016. - 25 марта. - С. 28
18.Кожанов Оралбек. Жизнь, отданная науке: [о К. И. Сатпаеве] // Звезда Прииртышья. - 2014. - 12 апреля. - С. 5
19.Волкова Ирина. Сатпаевским маршрутом: [о школе им. К. Сатпаева в Баянаульском районе] // Звезда Прииртышья. - 2014. - 1 апреля. - С. 4